Елордада қоян-қолтық жекпе-жектен республикалық турнир аяқталды
Елордада қоян-қолтық жекпе-жектен республикалық турнир қорытындыланды.
Ерекшелігі сол, спорттық шара құқық қорғау органы қызметкерлері арасында өтті. Оған 7 команда қатысты. Нәтижесінде бірінші орынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі иемденді. Екінші орын Мемлекеттік Күзет қызметі командасына бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынға Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ие болды.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Барлық қызметкердің жоғары дайындықпен келгені көрінді. Тіпті кейбірінің біліктілігі кәсіби деңгейге жетеді деуге негіз бар. Жалпы құқық қорғау саласында жұмыс істейтін әрбір кадрдың дене бітімі де қызметіне сәйкес келуі керек. Тұрғындарды қорғау мақсатында физикалық тұрғыда шымыр болу - маңызды.