Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы финалда

Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы финалда

Дәл қазір Польшада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әйелдер арасындағы байрақты бәсекеде ел намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Әсел Серікбаева және Әмина Қайырбекова қорғап жатыр.

Олар ширек финалда финалда Германия, ал, жартылай финалда Франция құрамасын ұтты. Енді ақтық сында Грузия спортшыларымен жолығып, бас жүлдені сарапқа салады. Шешуші кездесулер елорда уақытымен 18:00-де басталады.