Е. Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Е. Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина жарыс жолын жалғастырады.

Жерлесіміз екінші айналымда Германия спортшысы Татьяна Мариямен кездесті. Бастапқыда 2 ұпаймен суырылып алға шыққан Елена екінші кезеңде де қарсыласына ес жинауға еш мүмкіндік бермеді. Екі сетте 7:5 және 6:0 есебі тіркелді. Ел үміті – Рыбакина енді өзіненен 8 жас кіші Ресейлік Мирра Андреевамен шеберлік байқасады.

Қытай төріндегі теннис турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы келесі кезеңге жолдама алды. Михаил Кукушкин екінші айналымда Австралия өкілі Люк Савиддпен ойын өткізген еді. 1 сағат 35 минутқа созылған тартыс 2 сетте де 6:3 есебімен жерлесіміздің жеңісімен түйінделді. Ал Юлия Путинцева, өкінішке қарай, сенімді ақтай алмады. Ол Франция теннисшісі Каролина Гарсияға есе жіберді.