Талдықорғанда еркін күрестен республикалық турнир басталды
Ел үздітері Жетісуға жиналды.
Талдықорған қаласында еркін күрестен Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған республикалық турнирі басталды. Оған еліміздің барлық аймағынан және көршілес қырғыз елінен 200-ге жуық балуан қатысып жатыр. Байрақты бәсеке 3 күнге созылады. Алғашқы күнінде Алатаудың арғы бетінен келген айыр қалпақты елдің балуандары тамаша өнер көрсетті. Жетісулық өрендер мен Алматы қаласының, Қызылорда мен Батыс Қазақстан облысының спортшылары да белсенділік танытып, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып жатыр. Республикалық турнир жеңімпаздары сенбі күні анықталады.
Аян Әбдел, жарысқа қатысушы:
- Өте жоғары жарыс, жоғары деңгейде болып жатыр. Осы жарыстағы спортшылар өте мықты. Қатты дайындалып келіпті. Ересектер арасында өтіп жатқан менің алғашқы белдесуім ересектер арасындағы. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында 1 рет жеңдім, 2 рет күміс алдым. «Всемирниые игры» дейді, әлем ойындарында екінші орын алдым.
Алмазбек Мусабаев, Қырғызстан жастар құрама командасының жаттықтырушысы:
- Біз Қырғызстаннан 5 балуан алып келдік. Қазақстанның ұйымдастырушылары жақсы ұйымдастырып тұр. Біз бірінші жолы қатысып жатырмыз Талдықорғанда. Қатысқанда 1, 2, 3 номерлер жоқ. Бұл жерде баяғы спорт шеберлері алып қойып тұр. Спорт шебері болса көбірек келмек екен.