Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндияны жеңді
Қазақстан мен Финляндия құрамалары бұған дейін 5 мәрте жолығып, бесеуінде де скандинавтықтар жеңіске жетті.
Хельсинки қаласындағы матчта да алаң иелері ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алып, 28-ші минутта есеп ашты. Авторы Тейлор. Ал қазақстандық жігіттер екінші кезеңде ғана таразы басын теңестіріп, тіпті, алға шығудың да орайын тапты. Алдымен Бақтияр Зайнутдинов 11 метрлік айын добын сәтті орындады. Артынша дәл осы Бақтияр тағы да мергендігімен көзге түсіп, қорытынды нәтижені 2:1-ге жетікізді.
Бақтиёр Зайнутдинов, ұлттық құрама мүшесі:
- Эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Матч алдында бас бапкер жақсы мотивация берді. Соңына дейін ойнауды талап етті. Сәйкесінше, біз де барымызды салдық. Өте қуаныштымын. Бірақ, босаңсуға әлі ерте. Алда тағы 2 ойын бар. Осы қарқынды жоғалтпай, жеңіс жолын жалғастыру қажет.
Айта кету керек, Зайнутдинов ұлттық құрамағы сенсациялық жеңіс сыйлағаннан бөлек, өзінің есімін де отандық футбол тарихында қалдырды. Ол ұлттық құрама сапында 14 гол соқты. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 13 болатын және оны Руслан Балтиев тіркеген еді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде ұпай жинаудан да рекорд орнатты. Қазір еншімізде 15 ұпай бар. Бұған дейін 14 болды. Оны
2002 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде алдық. Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, Қазақстан УЕФА сапында сырт алаңда өткізген ойындарында алғаш рет 3 мәрте жеңіске жетті.
Игорь Шацкий, ұлттық құрама мүшесі:
- Бұның барлығы тарихи жетістік саналады. Оған менің де үлесім қосылғанына қуаншытымын. Жауапкершілікті өте жақсы түсіндік. Сәйкесінше бар күшімізді салдық. Бұл жеңістің орны ерекше. Өйткені сырт алаңда әсіресе мынадай аты аңызға айналған стадионда жеңіске жеттік. Жанкүйерлердің де ыстық ықыласын ерекше атап өткім келеді. Олар жеңісте де, жеңілісте де бізбен бірге және үнемі қолдау танытады.
Сонымен 8 турдан кейін Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен Н тобының үшінші сатысына жайғасты. Бірінші және екінші орындарда Словения мен Дания командалары тұр. Әрқайсысында 19 ұпайдан бар. Енді Магомед Адиев баптайтын жігіттер өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. Артынша сырт алаңда Словениямен жолығады. Іріктеу кезеңінің жалпы қортыындысы қараша айының соңында белгілі болады.
Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Олимпиадаға 3 лицензия жеңіп алдық. Қазақстанның велоспорт өкілдері Париж Олимпиадасына жолдамалар санын арттырды. Яғни, ұлттық құрама халықаралық велоспорт рейтингінде 19-шы сатыға көтерілді. Бұл топтық сында 2, ал, жекелей сында 1 лицензия алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, қажетті ұпайларды Алексей Луценко, Евгений Федоров, Глеб Брусенский, Даниил Марухин, Антон Кузьмин, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич және Андрей Зейц сияқты жерленстеріміз алып берді. Бұған қоса, әйелдер арасындағы бәсекеде де Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Рината Султанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова, Марина Кузьмина және Анжела Соловьева бестігі бір жолдаманы жеңіп алды. Енді олар олимпиаданың топтық сынында өнер көрсетеді. Еске сала кетейік, бұл нәтижеге 2008 жылдан бері бірінші рет қол жеткізіп тұрмыз. Ол кезде Зульфия Забирова ел намысын қорғаған еді. Велоспорттан жоладмалар саны тағы да ратуы мүмкін. Өйткені, енді қазір велотрек пен маунинбайктан да лицензиялық турнирлер өтеді.
Азиада чемпионына құрмет көрсетілді
Азиада чемпионына құрмет көрсетілді. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ханчжоу қаласындағы байрақты бәсекеде топ жарған Евгений Федоровты қабылдап, оған 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Осындай саңлақ спортшыны тәрбиелеген оның жаттықтырушылары Виктор Юрайтис пен Самат Сапажанов та назардан тыс қалмады. Евгений Федоров 2021 жылдан бері «Astana Qazaqstan Team» командасында өнер көрсетеді. Ал, оның алдында, яғни, 2018 жылыа Аргентинадае өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында чемпион атанған болатын. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионы атағын жеңіп алды. Азия чемпионаттарында үш мәрте топ жарды. 2023 жылы тас жолдағы велоспорттан топтық жарыста Әлем чемпионы болды. Ханчжоудан да көк байрағымызды желбіретіп, олжалы оралғанын ел біледі. Оның ендігі мақсаты – алдағы Олимпиада ойындарының чемпионы атану.
Евгений Федоров, Азия ойындарының чемпионы:
- Жерлестеріме айтар алғысым шексіз. Талдықорғанда мені өте жақсы қарсы алды. Біз Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарына Алексей Луценко екеуміз екі ай бойы бірге дайындалдық. Алдағы уақытта «Астана» сапында Еуропада өтетін бірнеше жарыста өнер көрсетеміз. Одан кейінгі ең басты меже Олимпиада алтынын алу. Барша қазақстандықтарды алда келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын!