Қазақ балуандары рейтингте көш бастады
Ризабек мен Жәмиля рейтингте көш бастады.
Біріккен күрес әлемі қауымдастығы соңғы әлем чемпионаты мен Азия ойындары нәтижелерін негізге алып, үздіктер тізімін жаңартты.Оған сәйкес, қазақстандық Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгілер арасында бірінші сатыда тұр. 19 жастағы еркін күрес шебері Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын. Екінші орынға Грузия, үшінші орынңа Әзірбайжан балуандары жайғасты. Ал күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта әлемдік рейтингтің екінші сатысына тұрақтады. Әйелдер күресінде жерлерстіміз арасынан ең тәуір көрсеткіш Жәмиба Бақбергеновада. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ бастады. Ал грек-рим күресінің өкілдері, өкінішке орай, әлемдік рейтингтің үштігіне кірмеді. 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов төртінші, 55 келідегі Марлан Мұқашев бесінші орындардан табылды.