Алматыда елшілік қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті
Спорттық шара Тәуелсіздік күніне орайластырылды.
Алматыда тіркелген дипломатиялық миссиялардың 9 командасы өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Олардың қатарында Еуропалық Одақ елдерінің бас консулдығы, Әзірбайжан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия елдерінің дипломаттары, БҰҰ құрамасы, Дипломатиялық клуб ойыншылары бар.
Бақытжан Бөлегенов, Алматы қаласы СІМ өкілдігінің басшысы:
- Бұл 95 ші жылы осындай турнирді ең бірінші рет Алматы қаласында біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ол кезде министр кезінде бірінші осындай турнир өткізген еді Алматыда. Барлық елшіліктер мен дипломатиялық корпуспен бірлесе осындай турнир өткізген. Бұл традицияны жалғастырып жатырмыз.