Күрес түрлерінен лицензиялық жарыс. LIVE
3 палуанымыз жартылай финалда. Дәл қазір Бішкек қаласында күрес түрлерінен лицензиялық іріктеу өтіп жатыр.
Яғни Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Байрақты бәсекенің алғашқы күні бозкілемге қазақстандық 5 бірдей еркін күрес шебері шығып, оның 3-еуі жартылай финалға өтті. Яғни 3-еуінде лицензия алатын керемет мүмкіндік бар. Жарыстың барысы жайында ұлттық құрамамен Қырғызстан астанасына аттанған әріптесім Аслан Қаженов айтып берсін.