Бокс жұлдыздары бірге жаттығып жатыр
7 мемлекеттің бокс жұлдыздары Түркістан облысында бас қосты.
Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Куба және Израиль елінің құрамалары Париж Олимпиадасына жан-жақты дайындықты пысықтау үшін Төлеби ауданындағы спорт базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Тау бауырайы, таза ауа, тыныштық – боксшылар үшін таптырмас орын. Мұнда ел құрамасының боксшылары 6 мемлекеттен келген былғары қолғап шеберлерімен бірге спаринг өткізіп, тәжірибе алмасуда. Бокстан еліміздің ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өзінің ежелгі қарсыласы Өзбекстандық Бахадур Жалоловпен бірге дайындалғанын жеткізді.
Қамшыбек Қоңқабаев, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:
- Өте жақсы болып жатыр дегім келеді Париж олимпиадасының алдында. Олардың кем-кетік жерлерін көріп, өзіміздің кем-кетіп жерлерімізді көріп, Парижде үлкен жетістікке жету үшін бірден-бір оқу-жаттығу жиындарының бірі деп олаймын.
Халықаралық дейгейде ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына бокстың мега жұлдыздары Олимпиада ойындарының және Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары, кубалық Сесар ла Крус Хулио мен Арлен Лопес те қатысып, шеберліктерін шыңдап жатыр.
Сесар Ла Крус Хулио, Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы /КУБА:
- Олимпиада ойындары қарсаңында бұл өте маңызды оқу-жаттығу болды. Орта Азия елдерінде бокс жақсы дамыған. Оның ішініде Қазақстан мен Өзбекстанды ерекше атап өтуге болады. Қазақстаннан да бірнеше олимпиада чемпиондары шыққанын білеміз. Оқу-жаттығу жиында қаражаяу бокшы жоқ, барлығы олимпиада жолдамасын жеңіп алған мықтылар. Ал олармен бірге жаттығу бізге де оң әсерін берері сөзсіз.
Олимпиада ойындарына жолдама алған өзбекстандық боксшылар да осында. Содай-ақ 92 келіде Азия ойындарының жеңімпазы тәжік боксшысы Давлат Болтаев та жан-жақты дайындығын пысықтауда. Ұлттық құраманың дайындығын федерация президентінің өзі бақылауда ұстап отыр.
Шахмұрат Муталиев, Қазақстан бокс федерациясының президенті:
- Өздеріңіз көрдіңіздер бұл жерде әлемнің хас батыралары дейді ьғой, ең мықты 1 нөмірлі лицензия алған Куба, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжәкстан мемлекеттерінен келіп отыр. Бұндай оқу-жаттығу біздің боксшыларға да, басқаларға да жақсы әсерін тигізеді деген сенімдемін. Өйткені бір-бірінің артықшылығы мен кемшілігін зерттеп, олимпиадаға дейінгі уақытта тәжірибесін шыңдайды деген ниеттеміз.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов шәкірттері бүгінде олимпиаданың 6 жолдамасын иеленді. Енді ел құрамасы 63,5 келідегі жолдаманы иеленсе, ұлттық құрама жігіттері Париж төрінде барлық салмақ дәрежесінде толық бақ сынайды.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш