Спорттық бағыттағы жылқы көбейтіледі
Спорттық бағыттағы қазақтың асыл тұқымды жылқысын сақтап қалу қажет.
Мәжіліс, қазақы жылқыны сақтау және көбейту туралы заң жобасын қабылдады. Құжат Парламенттің бір топ депутаттарының бастамасымен әзірленген. Халықтың ұлттық қазынасын дәріптеуді мақсат тұтқан заң, Мемлекеттік қолдау арқылы отандық спорт бағытындағы жылқы тұқымын қалпына келтіруді көздейді. Сондай-ақ, Қамбар ата тұқымының ерекше қасиеттерін жақсарта түсу қажет, дейді депутаттар. Аталған заң жобасы арқылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетіс-тіктерді қорғау туралы» заңдарға түзетулер енгізілмек.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл жеке меншік қолына асыл тұқымды қазақи жылқылардың бағытын көбейту және асырайтын және көбейтетін мекемелерге де осы шығынды өтеу тәртібінде көмек субсидия бөлінеді. Бұл бағыттын мақсаты біздің ыдырап бара жатқан асыл тұқымды қазақы тұқымды жылқыларымыздың санын көбейту. Субсидия 5 жылда әр жыл 170 млн бөлінеді.
Иә, қазақы тұлпарлардың ішінде Қостанай тұқымының орыны ерекше. Ол жергілікті қазақы жылқы мен дон, орлов жылқыларын будандастыру арқылы алынған. Шапшаң, қарқынды, дене бітімі біршама ірі. Дәлірек айтсақ қашсаң құтылатын, қусаң жеткізбейтін жүйрік тұқымдардың бірі. Былтырғы жылы елімізде тек Қостанай жылқылары қатысқан ірі бәйгелер өтті. Оған 80 млн теңге қаражат бөлінген. Хас жүйріктердің жарысы биыл да жалғасын табады.
Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:
- Біз биыл Қостанай жылқысының 5 жарысын өткіземіз. Ең соңғы бәйге көшпенділер ойынынан кейін 28 қыркүйекте өтеді. Бұл жерде Қостанай жылқылары арасында ұшқыр бәйгеден 3 қашықтықта және дәстүрлі бәйгеден құнан бәйге мен аламан бәйге өтеді.
Ұлы дала жорығының 4-ші күні аяқталды. Командалар дәл қазір Ақмола облысының Жолымбет ауылының маңына тоқтады. 400 шақырымға бірінші болып Алматы қаласының командасы жетті. Екінші Жетісу, үшінші Маңғыстау облысының құрамасы келді. Бүгін жарыстың шешуші кезеңі, командалар соңғы 100 шақырымды бағындыруға барын салады. Айта кетейік, жорықтың ерекшелігі аттардың жасы 6 жастан кем болмауы керек. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл аттардың шектен тыс қажымауы, зорықпауы үшін қолданылатын талап. Үшінші рет өтіп жатқан марафон 500 шақырымға шақталған. Бас жүлде 15 млн теңге.
Бақытжан Тұрлыбеков, "Joryq" ат спорты федерациясының президенті:
- Жорықтың 80 пайызы аяқталды. Аттарымыздың жартысынан көбі келе жатыр. Бәрі будан аттар өзіміздің.
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні Астанада дәстүрлі марафон өтеді. Салауатты өмір салтын серік еткендер дәл осы күнді асыға тосып отырғаны анық. Биылғы марафонға жасы да жасамысы да қатысады. Алдымен балалар 400 метрге бақ сынаса, артынша жас өрендер 1 шақырымды жүгіріп өтеді. Ал ересектер 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынайды. Марафонның негізгі мақсаты дене тәрбиесінің денсаулық кепілі екенін насихаттап, қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ биылғы марафон қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.
Бүгін Абу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жекелей сайысының соңғы күні. Кеше жарыс жолына шыққан аруларымыздың жолы болмады. 78 келідегі Аруна Жангелдина алғашқы белдесуде ағылшын Эмма Рейдтен жеңілсе, 70 келіде сынға түскен Екатерина ТОкарева екінші кезеңде испан қызы Ай Цунодоға есе жіберді. Ал бүгін татамиге 3 бірдей Отандасымыз шығады. 100 келі салмақ дәрежесінде күресетін Нұрлыхан Шархан екінші айналымда ол Аустрия мен Швейцария дзюдошыларының жеңгенімен күреседі. Ал аса ауыр салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев бірінші айналымда Бахрейн елінің намысын қорғайтын Азамат Чотчаевпен жолығады. 78 келіден жоғары салмақта Камилла Берліқаш өнер көрсетеді. Бұрымды қыз бірінші айналымда Сауд Арабиялықпен белдеседі.