«Ұлы дала жорығы»: 64 жастағы велошабандоз аттылармен жарысты
500 шақырым шапқан аттармен 64 жастағы зейнеткер жарысып келді, деп хабарлайды 24KZ.
Тек Раббым Борашевтің астындағысы ат емес, велосипед. Ол бұған дейінгі жорықтарға да қатысқан. «Барлық командаға жанкүйермін. Олармен бірге өзімнің де бабымды сынап көргім келді», - дейді өзі. Раббым Борашев 26 шілдеде Францияда басталатын жазғы Олимпиада ойындарында велотурға қатысуды ниет еткен. Париж Олимпиадасына жету үшін ол жеті мемлекетті көктей өтіп, 5000 шақырым жол жүрмек.
Раббым Борашев, велошабандоз:
- Павлодардан Астанаға дейін өткен 500 шақырымдық Ұлы дала жорығы болатынын естіп, оған да қатысуға бел будым. Осы жерден үш команда бірдей Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады деп қызықтырғаннан кейін. Ұлы дала жорығының мәні мағынасы күшейіп келе жатыр. Талай аттың бағын ашып жатыр, талай жігітердің ұлттық ойынға деген көзқарасын өзгертіп жатыр.