Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Поляк теннисшісі финалда италиялық Жасмин Паолиниді жеңіп, Франция ашық біріншілігінің төртінші мәрте жеңімпазы атанды.

Швентек қарсыласын бірінші ойында 6:2, ал екінші айналымда 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, Швентек беделді турнирдің бас жүлдесін үшінші жыл қатарынан иеленіп отыр. Осы жарыста ойнаған жерлесіміз Елена Рыбакина Жасмин Паолиниден ширек финалда ұтылып қалған еді.

Үлкен шлем сайысы – теннис жарыстары арасындағы ең беделді 4 турнирдің бірі. Дүбірлі дода бүгін ерлер сайысымен аяқталады. Финалда неміс теннисшісі Александр Зверев пен испандық Карлос Алькарас кездеседі.