Мәскеуде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті
Мәскеуде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті, деп хабарлайды 24kz.
Жарыс шаһардағы ең ірі «Динамо-Арена» алаңында жүрді. 3 күнге созылған сайыста Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь пен Ресейден 14 жасқа дейінгі 124 жеткіншек бақ сынады. Турнир Мәскеу үшін шайқаста асқан ерлік көрсеткен Панфилов жауынгерлерін еске алу күніне орай осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Ол жыл сайын Ресей қазақтарының мұрындық болуымен ұйымдастырылады.
Мерген Исенғалиев, турнир ұйымдастырушысы:
- Биыл турнирге қатысушылар саны көбейген. Ресейден, Мәскеуден біраз топ қатысты. Бұл әрине, Мәскеудегі қазақтар мен достарымыздың қолдауының арқасы.
Жанат Бауыржан, бапкер:
- Балалардың деңгейі жақсы. Призер Европы, чемпион Азии бар. Москвадан да біраз он шақты команда келді. Енді жақсы шайкастар болады деп сенеміз. Барлықтарына сәттілік, ал бізге жеңіс!