Ауыр атлеттеріміздің тарихи жетістігі
Еуропа теннис қауымдастығы қазақ баласын жылдың үздігі деп таныды. 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев биыл бірнеше халықаралық және құрлықтық додада топ жарып, керемет нәтижелер тіркеді. Соның нәтижесінде Еуропа теннис қауымдастығы тарапынан «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды. Аңсар Астана теннис мектебінің түлегі.
Қатар астанасы Доха қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық қыз-жігіттер 12 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Атап айтқанда жасөспірімдер арасында Әлихан Әскербай, Ақжол Құрманбек, Аянат Жұмағали және Сания Орманбаева сияқты спортшыларымыз ең үздік нәтиже тіркелді. Ал жастар арасында Алексей Чуркин, Денис Полубояринов, Аянат Жұмағали, Виктория Новикова, Әлібек Рақымберді, Сания Орманбаева жеңіс тұғырына көтерілді. Байқасаңыз, Аянат есімді қызылордалық қыз жасөспірімдер арасында да, жастар арасында да, жарысқа араласып, алтын жеңіп алды. Ол биыл әлем чемпионатынан да топ жарған болатын. 17 жасар спортшы қыз енді ересектер сапына ауысады және отандық мамандар одан үлкен үміт күтеді. Бұған қоса Алексей Чуркиннің еңбегін де ерекше атап өту керек. Ол бір айдың ішінде Әлем чемпионатынан күміс, Азия чемпионатынан алтын жеңіп алды. Сонымен бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орынға жайғасты. Үздік үштікке Өзбекстан мен Вьетнам спортшылары ілікті. Айта кету керек Қазақстан өз тарихында алғаш рет командалық есепте Азия чемпионатында топ жарып тұр.
Ж. Әлімханұлы: алдағы жылы үш белдігім болады
Алдағы жылы үш чемпиондық белдігім болады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы осындай мәлімдеме жасап, 2025 жылға жоспарымен бөлісті. «Көктемде чемпиондық атақтарымды қорғауым қажет. Одан кейін Хамза Шираз бен Карлос Адамес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесем. Сәйкесінше күзге қарай чемпиондық белдіктерімнің саны үшеуіге жетеді» - деді Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасына қалыдрған жазбада. Айта кетейік Жәнібек қазір WBO мен IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ол соңғы рет биыл қазан айында Австралияда жұдырықтасты. Сидней қаласында жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен ұтты. Соның арқасында чемпиондық атақтарын қорғап қалды.
Қхл: «Барыс» ресейлік командадан жеңілді
«Барыс» биылдыққа өз алаңында өткізген соңғы матчта жеңіске жете алмады. Астаналық клуб Құрлықтық хоккей лигасы аясына «Сібір» клубымен кездескен болатын. Ойын 0:2 есебмен аяқталды. Қонақтар сапынан Сергей Широков пен Кирилл Рассказов мергендігімен көзге түсті. Қос шайда да мачтың үшінші кезеңінде соғылды. Осылайша Ғалым Мәмбетәлиев баптайын жігіттер қатарыан 4-ші рет жеңіліп отыр. Жалпы алғанда осы маусымда 41 ойын өткізді және оның 10-ында ғана жеңіске жетті. Бас-аяғы 23 ұпай жинап, Шығыс Конференциясының 11-ші сатысында тұр.