Депутаттар Ақтөбенің жас спортшылармен жүздесті

Балалар мен жасөспірімдерді футболға баулып жүрген жаттықтырушылар: «Жалақымыз мардымсыз», – дейді. Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жүздескен бапкерлер баспана мәселесін де көтерді. Өңірлерге жұмыс сапарымен аттанған заң шығарушы орган өкілдері Ақтөбедегі футбол академиясы қызметкерлерімен және жас футболшылармен жүздесті.

Заманауи талаптарға сай салынған спорт нысаны былтыр күзде қолданысқа берілген. Мыңға жуық бала футболдың қыр-сырын үйреніп жүр. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Парламентте «Спорт туралы» заң жобасы алғашқы оқылымда мақұлданғанын жеткізді. Депутаттың айтуынша, заңда республикалық бюджет есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынбақ.   

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Орташа айлық жалақылары 140 мың теңге. Қолдарына 120 мың теңге алады. Отбасын асырауға, әрине, бұлар бізге жалақының жалпы орташа деңгейде инфляцияға сай дұрыс болғандығын сұрап отыр. Біз енді бапкерлердің тарифтік жалақысына байланысты ұсыныстарды Үкіметке енгізгенбіз. Бұл Үкіметтің оң қорытындысын күтетін мәселелер. Өйткені қаржылық мәселелер. Оны барғаннан кейін тағы да қарастырамыз.