«АрселорМиттал Теміртау» комбинатының қызметкері «Еңбек даңқы» төсбелгісін алды
Қандай да мекеме, кәсіпорынның жұмысын электр жарығынсыз елестету мүмкін емес.
Александр Фундуков Теміртаудағы металлургия комбинатын 43 жыл бойы электр қуатымен қамтуға жауапты. Оттегі-конвертер цехының электр ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін алды қызметі учаскесінің бастығы жақында.
Мен марапат үшін жұмыс істемеймін. «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатының электр қызметі учаскесінің бастығы Александр Фундуковтың өмірлік ұстанымы – осы. Электр монтері мамандығын таңдаған ол осы салаға бүкіл ғұмырын арнады. Тіпті өндірістегі алғашқы күнін тағдырдың өзіндік белгісі ретінде санайды. Себебі еңбек жолы Металлургтер күнімен тұспа-тұс келіпті.
Александр Фундуков, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ электр қызметі учаскесінің бастығы:
- Электрик өте күрделі операциялар орындайды. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да қатаң. Бізде электриктер үшін техникалық қызмет көрсету ережелері, жөндеу кезіндегі қауіпсіздік сияқты бірсыпыра ереже бар. Жауапкершілігі мол, аса сақтықты талап ететін мамандық.
Александр Фундуковқа ауқымды міндеттер жүктелген. Бірақ ол әрдайым қауіпсіздік, кәсібилік пен сапа деген ержелерді ұстанады. Оның қоластында 40-қа жуық адам бар.
Александр Фундуков, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ электр қызметі учаскесінің бастығы:
- Ұжым құрамы жас болғанымен, болашағы зор. Әрине, олармен жұмыс істеу керек. Шыдамдылық танытып, тәжірибе жинақтау маңызды. Себебі зейнетке шығуымызға аз уақыт қалды. Қандай жағдай болмасын, зауытты сақтап қалу парыз деп бәріне айтып отырамын. Тек комбинатқа келу жеткіліксіз. Оны терең ұғынып, жұмыс істеу керек.
Александр Фундуковтың бар өмірі «АрселорМиттал Теміртау» комбинатында өтті десек – қателеспейміз. Әр сөзінде мамандығына деген шексіз сүйіспеншілік, адалдық айқын байқалады. Жақында еңбекқор кісі құрметке бөленіп, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. Оның бұл жетістігін әріптестері, туған-туыстары мақтан тұтады.
Авторы: Данияр Сұлтанұлы.