Алматыда Aport Shopping Festival басталды

Алматыдағы Aport East Моллында Aport Shopping Festival басталды.

Мұндағы барлық дүкендер 80 процентке дейін жеңілдік ұсынып отыр. Балаларға да базарлықтары бар. Ал 21 желтоқсанда елдегі ең үлкен кинотеатр HALYK IMAX KINOPARK 16 ашылады. Экранның көлемі 370 шаршы метр. Әзірге мұндай үлкен экран ТМД елдерінде алғаш болып осында орнатылып жатыр.

Aport East Молл ең алдымен тұтынушылардың талап-тілегіне назар аударады. Жаңа жыл қарсаңында барша жұртқа өздерінде орналасқан барлық дүкендерде жеңілдіктер басталғананын қуана хабарлайды. Мұнда 150-ден астам дүкен орналасқан. Әлемдік брендтердің дені осында. Алдағы уақытта тағы бірнешеуі жұмысын бастайды.

Сабыр Жансағымов,  Aport East молл басқарушысының орынбасары:

- Индитекс компанияның 7 брендін ашу. Ең үлкені Зара, Қазақстандағы ең үлкен Зара. Көлемі 5 мың шаршы метрден асады. Массима Дутти ол да үлкен болып саналады және Pull&Bear, Бершка, Страдивариус, Ойшо мен Зара Хоум.

Екінші lifestyle Aport East молл осы күзде 21 қазанда ашылған. Аумағы 5 мың шаршы метрге жуық үлкен Магнум осы жерде. Оған қоса фудкортта 50 мейрамхана мен кафе бар. Сондай-ақ Орталық Азиядағы ең үлкен Funky Planet отбасылық ойын-сауық паркі жұмыс істейді.

Динара Әміренова, Aport молл маркетинг департаментінің директоры:

- Біз жаңа жыл қарсаңында кішкентай қонақтарымызға керемет тосынсый әзірлеп жатырмыз. Мерекелік бағдарламада аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері өнер көрсетеді. Осында қойылған пошта жәшігіне балалар хаттарын тастайды. Аяз ата соның ішінен онын таңдап алып, балалардың тілегін орындайды. Оған қоса, балдырғандарды тәттілер мен сыйлықтар күтіп тұр.

Aport East Молл дайындаған тосынсыйлар мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта ұтыс ойындарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Олай болса Aport Shopping Festival-ына асығыңыздар.

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов