Астанада 2 тонна насыбай тәркіленді
Астанада табак қоспасына қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды 24KZ.
Насыбай мен вейп өнімдерін сату және сақтау орындарын анықтау шаралары елорданың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімдік мәліметінше, заңсыз табак өнімдерін сатқан жүздеген сауда нысаны анықталған. Ал жуырда полицейлер Байқоңыр ауданында насыбай дайындау цехын әшкереледі.
Полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлар және аудандық әкімдік өкілдерімен бірге шағын дүкендер мен базарларды аралаумен қатар насыбайдың Астанаға келу жолдарын анықтап жатыр. Жедел ақпараттардың арқасында зиянды затты сақтау қоймалары мен әзірлеу цехтары әшкереленді.
Рақымжан Көлжанов, «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасы ЖПҚ бастығының орынбасары:
- Әкімшілік аумақты аралау кезінде учаскелік полиция инспекторлары Асан қайғы мен Жақып Омаров қиылысында орналасқан жеке тұрғын үй ішінде заңсыз насыбай сақтау қоймасы анықталды.
Полицейлер Астананың ескі бөлігіндегі аумақтан 2 тоннадай насыбай сақтаулы мекенді анықтады. Рейд барысында пластик құтылар мен полиэтилен қалталар және шикізатқа толы қапшықтар табылды. Насыбай осы санитарлық талап мүлдем сақталмайтын жерде әзірленген. Қорапқа салынған зиянды өнім бөлшек саудағы шығаруға дайындалған.
Рақымжан Көлжанов, «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасы ЖПҚ бастығының орынбасары:
- Анықталған насыбай заң жүзінде тәркіленіп, оның иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 196-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, заңды түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заң бұзушы азаматтарға әзірге тек айыппұлдар салынып жатыр. Есірткі саудалаушыларға қарағанда оларға қылмыстық жаза берілмейді. Астананың сауда орындарында рейд жалғасын таба бермек.
Авторы: Қамбар Бекенов.