Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.
Қарағандылық студенттер қазақ эпосы мен ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтар коллекциясын жасады. Шебер жастардың қолынан шыққан дүниелер Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада көрмеге қойылды.
Ақтөбе өңірінде киік популяциясын бақылау мақсатында, құралайларға GPS сырға тағып жатыр. Осылайша, ғалымдар ақбөкеннің жүрген жолын, тұрақтаған мекенін көріп отырады.
Елордада Қазақстан неміс жастары одағының 30 жылдығына орай форум басталды. Екі күндік шараға Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия елдерінен 90 қатысушы жиналды.
Автожол инфрақұрылымын жаңғырту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған Президент тапсырмалары Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр.
Газа секторында ауызсу тапшы. Халықтың шамамен 60%-ы суға зәру. Бұл жөнінде БҰҰ хабарлады. Тұрғындар ондаған шақырым жерден жаяу келіп, кезекке тұрып су алуға мәжбүр.
Суданда 20 млн адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Төрт жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық қақтығыс салдарынан 9 млн тұрғын үйлерін тастап босып кетті.
Халықаралық отбасы күніне орай Көкшетауда 40 отбасы көшет екті. Олардың арасында көпбалалы және патронаттық отбасылар, еңбек әулеттері мен жас жұбайлар бар.