USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Еліміздің бас қаласында Дүниежүзілік қар күні аталып өтті

  • 452
Еліміздің бас қаласында Дүниежүзілік қар күні аталып өтті

Қыстың ызғарлы аязына қарамастан Астананың Орталық саябағында өткен демалыс күндері Дүниежүзілік қар күні аталып өтілді. Бұл спорттық шараға Астана, Қарағанды, Теміртау және Қостанай қалаларының жас шаңғышылары қатысып, түрлі қашықтық бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жалпы 21 қаңтар күні Дүниежүзілік қар күні мерекесін әлемнің 30-дан астам елі атап өтеді. Бұл қысқы мерекеде балаларға арналған түрлі жарыстар, қызықты ойындар, сайыстар ұйымдастырылады.

Шаңғы жарысының Ұлттық федерациясы өткізген биылғы жарыстың ең кішкентай қатысушысы 2 жасар Маргарита Лазутина 100м қашықтықты 48 секундта сырғанап өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптейтін іс-шаралар көп болғай!

Суреттер Шаңғы жарысының Ұлттық федерациясы сайтынан алынды.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде