352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 470-тен астам жобаны демеушілер есебінен іске асыру жоспарлануда

  • 207

Мемлекеттік емес ұйымдарға бизнестің қолдауы қажет.

Әлеуметтік жобалар көп, ал оның бәрін жүзеге асыруға аталған ұйымдардың мүмкіндігі аз. Демеушілер есебінен елімізде 470-тен астам жобаны іске қосу жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 2 мыңға жуық жоба қолдау тапты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай дейді. Мамандардың айтуынша, батыс елдерінде әлеуметтік жобаларға бизнестің қызығушылығы 45-50 пайыз, ал мемлекеттік қолдау 8-9 пайыз шамасында. Бізде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Ынталандыру мақсатында, құзырлы орган жыл соңында белсенді меценаттарға арнайы сыйақы тағайындауды көздейді. Мұнымен қоса, биыл барлық мемлекеттік мекемелерде азаматтық қоғаммен байланыс орнататын арнайы өкіл тағайындалмақ.

Абзал Нүкенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министірінің орынбасары:

– Әр орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтық қоғаммен қатынас орнатуға жауапты уәкілетті институт енгізіледі. Әр мемлекеттік органдағы бір тұлға азаматтық қоғам өкілдерімен байланыс орнатуға жауапты болады. Бұл азаматтық қоғамның дамуына үлкен серпіліс береді.

Хабар 24 телеарнасы