352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қырғызстан экономикасы

  • 149

Қазақстан жаңалықтары

-          2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, үй салушылар 49 мың 700 тұрғын үй, 20,5 мың жеке баспана және көпқабатты үйлерден 29 мың пәтерді пайдалануға берді

-          Маңғыстау облысындағы, қуаты 42 МВт болатын жел электр стансасының құрылысы тамызда басталады

-          Қазақстанда жалпыға ортақ декларациялау үлгісі бекітілді. ҚР қаржы министрінің «Декларация үлгісін, активтерді бекіту және жеке тұлғалардың міндеттері мен оны құру ережелері туралы» 2018 жылдың 21 маусымындағы нөмірі 617-ші сәйкес бұйрығы

Әлем жаңалықтары

-          Қаржылық «жиырмалықтың» пайымынша, қазіргі таңдағы әлемдік экономиканың негізгі қысқамерзімдік және ортамерзімдік тәуекелдер - ұлғайып келе жатқан қаржылық осалдық, сауда мен геосаясаттағы қарбалас шақтың күшеюі, сондай-ақ теңсіздік пен әлсіз құрылымдық өсім болып табылады

-          Францияның экономика және қаржы министрі - Бруно Ле Мэр, АҚШ пен Еуропа арасында сауда қақтығысы басталғанын мәлімдеді

-          Ресейдің статистикасы кедейшілік деңгейін төмендетті

Сараптама

Қырғыз республикасы - Еуразиялық экономикалық Одақ елдері арасындағы ең кішкентай экономика. Ондағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 1100 доллардан сәл ғана асады. Cалыстырайық. Арменияда бұл көрсеткіш үш есеге, Қазақстанда 6,5 есеге, ал Ресейде 8 есеге артық. Дегенмен, соңғы жылдары Қырғыстан экономикасының өсімі, экономикалық одақ кеңістігінде ғана емес, жалпы ТМД аумағында жоғары болып отыр. (спикерлер: Домнин С.- ӘЭСИ сарапшысы; Шайықова А.-ҚР Тұңғыш Президент - Елбасы кітапxанасының  жетекші ғылыми қызметкері)

Хабар 24 телеарнасы