359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Мұнайға сұраныс 2019 жылдың соңына дейін көбейе бермек

  • 140

Мұнайға сұраныс 2019 жылдың соңына дейін көбейе береді. Бұл туралы халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдеді. Алайда келер жылдың соңына таман қара алтынның тапшылығы орын алуы бек мүмкін. «Файнэншл Таймс» журналисі Анжли Равалдың жазуынша, Иран мен Венесуэла келер жылы мұнай өндірісінің шамамен 30% жоғалтады. Осыдан кейін мұнай жеткізу ісі ОПЕК-тің қалған мүшелеріне жүктеледі. Ұйымннан тысқары жердегі өндіріс АҚШ-тың ұлғайған қажеттілігін қанағаттандырғанымен, Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер өндіріс көлемін арттыруы мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік жасаған болжамға сүйенсек, мұнайға дүниежүзілік сұраныс мөлшері 2019 жылы тәулігіне 1 млн 400 мың баррельге жетеді.

Хабар 24 телеарнасы