352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жыл басынан бері түрік лирасы 45 пайызға арзандаған

  • 60

Өткен аптада түрік лирасы 25 пайызға құлдырады. Ал жыл басынан бері 45 пайызға арзандапты. Мамандар мұны немен түсіндіреді? «Евроньюстің» жазуынша, күні бүгінге дейін алға ілгерілеуден танбаған әлемнің 17-ші экономикасы 2001 жылдан бері дағдарыстың алдында тұр. АҚШ-пен арадағы шиеленістің салдарынан түрік алюминийі мен теміріне салынар кедендік баж салығының екі есеге өсуі инвесторлардың алаңдаушылығын туғызды. Бұл аздай қор нарығы 2009 жылғы дағдарыс деңгейіне дейін төмендеді. Жыл басынан бері күш алған инфляция да шілде айына таман 16 пайызды құрады. Мұндай жағдай 15 жылдан бері болмапты. Түркия бұған дейін 12 пайызбен несие алып келсе, енді бұл мөлшер 20 пайызға дейін өсті. Валюта дефициті де бәсеңдер емес. Биылғы дисбаланс 57 млрд долларға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы