352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 3 мың оқушы елорда мерейтойына орай 20 кітап оқып шықты

  • Read 187 times
  • Media
Жамбыл облысында 3 мың оқушы елорда мерейтойына орай 20 кітап оқып шықты

Жамбыл облысында ауылдық 3 мың оқушы Астананың 20 жылдығына орай 20 әдеби кітапты оқып шықты.

Игі бастама 6 мен 10-сынып оқушылары арасында байқау түрінде ұйымдастырылған. Ол үшін еліміздің және жергілікті ақындар мен әлемдік деңгейдегі жазушылардың туындылары таңдап алынды. Шара жеткіншектердің кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Бір жылға жуық уақытқа созылған байқау кезінде үздік шыққан 20 бала іріктелді. Олар осы шығармалардан алынған сұрақтардан әзірленген тестті тапсырды. Одан кейін эссе жазып, осы арқылы қаншалықты түсініп, қабылдағаны анықталды. Енді бұл жеткіншектер елорданың туған күнінде бас қалаға тегін жолдамамен саяхат жасап, демалып қайтады.

Балжан Нұрғалы, оқушы:

- Осы Жуалы өңірінен шыққан Бауыржан Момышұлы, Бауыржан Үсеновтың, Шерхан Мұртазаның кітаптарын оқыдым. Олардың кітаптарын оқи отырып мен автор сипаттаған кейіпкердің образында болып, кітапқа еніп кеттім. Астанаға бұрындары барғанмын. Бірақ жеңімпаз болып бару, өзіңнің еңбегіңмен бару мүлдем бөлек нәрсе.

Фариза Оразымбетова, аудандық мәдени және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

- 20 баланың ішінде аудандағы шалғай өлкеден келіп отырған балаларымыз бар. Көп балалы семьядан шыққан балаларымыз бар. Үздік оқушыларымыз бар. Арасында Астанаға бармаған, Астана қаласын көрмеген оқушыларымыз бар. Сол балалар өз көздерімен көрсе. Сол жаққа Астананың да жерін басып, кішкене де болса ауасын жұтып, сол Астананың ішіне екі күн енсе де сол Астананың әсерін алып келер еді.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы