353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Voice of Astana» халықаралық байқауы басталды

  • Read 321 times
  • Media
Елордада «Voice of Astana» халықаралық байқауы басталды

Әлемнің назары тағы да Астанаға ауды! Елорданың 20 жылдығына орай бас қалада эстрадалық музыканың «Voice of Astana» халықаралық байқауы басталды.

Ауқымды мәдени шара екі күнге ұласады. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Астананың 20 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан мәдени шаралардың ең ауқымдысы - осы фестиваль! Байқау шеңберінде кең көлемде үш бірдей іс-шара өтеді. Оның негізгісі эстрадалық орындаушылардың «Voice of Astana» халықаралық байқауы. Оған жиырмаға жуық алыс және жақын шетелден 18-бен 35 жас аралығындағы жас әншілер мен шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ қазақстандық орындаушылар қатыспақ. Үздіктерді қазылар алқасы анықтайды. Жартылай финалға өткен орындаушылар қазақстандық композиторлардың әндерін немесе Астана туралы авторлық жаңа әндерді орындауы тиіс. Бүгін байқаудың жартылай финалы. Ал ақтық сын ертең. 

Халықаралық фестиваль аясында Байғали Серкебаевтың мерейтойлық шығармашылық кеші және Батырхан Шүкеновты еске алу концерті өтеді. Аталған ән кешінде ресейлік әйгілі әншілер өнер көрсетпек. Олардың қатарында Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Jah Khalib бар. Және әрине «A-Studio» тобы, Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Мейрамбек Беспаев сынды қазақ эстрадасының бірегей өкілдері ән салады деп күтілуде.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы