356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 20 әлеуметтік нысан салынады

  • Read 169 times
  • Media
Жамбыл облысында 20 әлеуметтік нысан салынады

Жамбыл облысында елорданың 20 жылдығына 20 әлеуметтік нысан бой көтереді.

Бүгін жоспардағы жобалардың алғашқысы ашылып, велобаза пайдалануға берілді. Жаңа спорт кешені заманауи үлгіде салынған. Мұнда спортшыларға жаттығу залы, велосипед қоймасы мен шеберханасы, асхана, жуыну бөлмесі қарастырылған. Айта кету керек, бұған дейін балалар мен жасөспірімдер жертөледе жаттығып келген еді. Енді 200 адамның спортпен айналысуына мүмкіндік туып отыр. Мұнда велоспорт және триатлонды қатар алып жүруге жағдай жасалған.

Мұстафа Әбілдаев, велоспортшы:

– Велосипед сынса, жөндейтін арнайы бөлмеміз де бар. Жалпы бұрын далада дайындалатынбыз. Қазір іште де дайындық жасауға болады.

Нұржан Жолдасбеков, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Осы велобаза біздің спортшыларға арнайы салынды. Жетістікке жетуге жағдайлар жасалып, соңғы заманауи үлгіде жасалған. Алдағы уақытта да біздің жамбылдық спортшылар ел құрама командасы сапында шеберліктерін шыңдап, дайындықтарын осы базада жүргізіп, ел намысын қорғап, халықаралық аренада жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы