359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда Астананың 20 жылдығы аталып өтті

  • Read 120 times
  • Media
Грузияда Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Астананың 20 жылдығы Грузия астанасы Тбилисиде аталып өтті.

Қазақстан елшілігі мерейтойға орай салтанатты қабылдау өткізді. Шараға осы елдің мәдениет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар қатысты. Құрметті қонақтардың арасында Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Георгий Шервашидзе бар. Қазақстан елшісі Бауыржан Мұхамеджанов қабылдауға келген қонақтарға алғысын білдіріп, екі елдің арасында экономика, мәдениет, білім және тағы басқа салалаларда тығыз ынтымақтастық орнағанын атап өтті.

Бауыржан Мұхамеджанов, ҚР-ның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

– Қазақстан мен Грузия арасында достық қарым-қатынас орнаған. Бұл байланыс барлық салада дамып келеді. Екі елде де кәсіпкерлердің бизнес жүргізуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.

Георгий Шервашидзе, Грузияның сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі көрегендік болғанын уақыт дәлелдеп берді. 20 жыл өткен соң Астананың түрлі халықаралық маңызды шаралар мен кездесулер өтетін, дамыған шаһарға айналатынына ешкім сенбеген еді. Мен екі ел арасындағы қатынас қарқынды дамып келе жатқанына қуаныштымын.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы