361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда аумағы 20 жыл ішінде 3 есеге кеңейді

  • Read 112 times
  • Media
Елорда аумағы 20 жыл ішінде 3 есеге кеңейді

Бұл туралы Индустрия және туризм комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Балғожин хабарлады.

Спикерлер соңғы 2 онжылдықтағы статистикалық көрсеткіштермен бөлісті. Олардың айтуынша, 1998 жылы қала көлемі 300 мың шаршы метр болып, халық саны 350 мың адам болса, бүгінде шамамен 800 мың шаршы метрге ұлғайып, бас шаһар мегаполиске айналды. Қала тұрғындарының тұрмысы артып, орташа жалақы мөлшері 13 мыңнан 230 мыңға жуықтады. Сондай-ақ комитет өкілдері туристер санын жылына 1 жарым миллионға жеткізуді көздейді. Қазір бірыңғай туристік бренд пен Welcome to Astana атты ақпараттық жүйе құрылып, даму бағыты нақтыланды.

Жалғас Балғожин, ҚР МСМ Индустрия және туризм комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Ең алдымен Астананы біз іскерлік туризм ретінде қарастырамыз, себебі Астанада туризмнің сегментінде халықаралық конгрестер, халықаралық жиыналыстар мен көрмелерді өткізу және қалалық туризм мен медициналық туризмді дамытудың мүмкіндігі бар. Сол себепті Астана осындай туризмнің түрлеріне өте бейім.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы