352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана ірі саяси және экономикалық орталыққа айналды

  • Read 159 times
  • Media
Астана ірі саяси және экономикалық орталыққа айналды

Астананың аз ғана уақытта жеткен жетістігі орасан. Елордамыз Орталық Азиядағы ғана емес, Еуразия құрлығындағы ірі саяси-экономикалық әрі қаржылық орталыққа айналды.

Ол Батыс пен Шығыс әлемін байланыстыратын алтын көпір іспетті. Астананың экономикалық әрі саяси келбеті жайында алматылық сарапшылар осындай пікірде.

Сарыарқаның төрінде, Есілдің жағалауында еңсесін тіктеген Астана аз ғана уақытта әлем таныған қалаға айналды. Соңғы он жылда қала келбеті ажарланып, халық саны 1 млн. тұрғыннан асты. Бұл қаланың экономикалық әрі әлеуметтік жағдайымен бірге Ақмола аймағымен іргелес жатқан өңірлердегі өндіріс пен өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етті. 

Әзімхан Сатыбалдин, ҚР ҰҒА Экономика институтының директоры:

- Астанадағы бір жұмыс орны басқа салада 6-10 орынға дейін жұмыс орындарын ашты. Сондықтан да бұның ішкі экономикалық мәселеге келгенде өте үлкен бір қолғабыс болды. Экономиканы алдыға жылжытты. Екінші мәселе мына әлемдік саяси деңгейдегі Астананың ролі көтерілді. «Ол бір ғана Орталық Азия емес қазір Астанамен кім санаспайды? Вашингтон, Лондон, Мәскеу, Пекин де санасады. Ол осы әлемдік деңгейде Астананың дәрежесі өте жоғары. Ол біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ең үлкен еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын.

Әр жылдары Елордада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастығы,  Шанхай ынтымақтастығы сынды  ірі геосаяси ұйымдардың маңызды кездесулері өтті. Бүған қоса  Астана экономикалық форумы сынды басқосуларда жаһандық экономикалық даму үрдісіндегі күрделі проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланып тұрады.

Сондай ақ ресми Ақорда әрдайым жағандық лаңкестік пен халықаралық терроризмді айыптап, жауласқан тараптарды бітімгерлікке шақыру ұстанымына берік. Астанада Сирия қақтығысы жөніндегі өткен келліссөздер соған дәлел.

Серік Нұрмұратов, ҚР ҰҒА философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары:

- Бұл қала тек ғана біздің Қазақстан емес, әлемдік деңгейде, халықаралық деңгейдегі ірі бір мегаполиске айналып отыр. Өзінің идеясы, идеологиясы, бағыты бар, құндылықтық бағдары бар қалаға айналып отыр. Яғни әлемде бейбітшілікті ұрандаушы, соны насихаттаушы қалаға айналып отыр. Бұл рухани жағынан алғанда алдыңғы қатарлы елдердің , өркениетті елдердің саясатына сәйкес келеді.

20 жылда Астана көптеген маңызды геосаяси әрі халықаралық маңызды шешімдер қабылданатын басты орталықтардың біріне айналып үлгерді. Осылайша өркениет көшінен қалыспай келе жатқан Қазақ елінің жаста болса бас қаласы – Астана жаҺандық даму үрдісіне өзіндік  үлесін қосып, жарқын болашаққа ұмтылып келеді. 

Аторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы