USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Шымкентте 2 қабатты жеке тұрғын үй опырылып, 1 адам қаза тапты

  • 641
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Шымкентте 2 қабатты жеке тұрғын үй опырылып, 1 адам қаза тапты

Шымкентте барак тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үйде жарылыс болды.

Салдарынан бір әйел опырылып құлаған үйінді астында қалып көз жұмды. Құтқарушылар қиранды топырақтың арасынан тағы төрт адамды шығарып алған. Қайғылы жағдай түн ортасында тіркелді. Алдын ала болжам бойынша газ жарылған болуы мүмкін, - дейді төтеншеліктер. Тәртіп сақшылары сол маңды дереу қоршауға алып, коммуналдық мекеме қызметкерлері көгілдір отын мен электр энергиясын ажыратты. Хабарлама алысымен оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар үйінді астынан алдымен шырылыдап жылап жатқан 1 жасар сәбиді шығарып алған. Одан кейін оның 1987 жылы туған әкесін тапқан. Санаулы минуттардан кейін топырақ астынан нәрестенің анасының өлі денесі шықты. Жалпы үйінді астында бес адам қалған. Жәбірленушілер жер үйдің жанынан салынған қос қабатты ғимаратты жалдап тұрған көрінеді.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы:

- Үйіндіні тазалау жұмыстарын жүргізу барысында үйінді астынан қазіргі таңда кеңінен қолданып келе жатқан Иран өнімі «Камен» деп атаймыз газға қосылатын сол құрылғы шығарылған. Сонымен қосымша мына электр тоғына қосылатын электр құрылғылары да үйінді астынан шыққан болатын. Бұл заттың бәрі тексеруден өтеді. Нақтыланады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top