USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының басшысына нақты тапсырмалар берді

  • 652
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының басшысына нақты тапсырмалар берді

Түрікменстанға жасаған сапарынан соң Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Əулие ата жерінің орталығы - Тараз қаласына барды. Береке-бірлігі сүттей ұйып, ұдайы ұлттар татулығын ұрпағына ұлағат еткен  ұлыс өкілдерімен кездесіп, өңірдің өндірістік нысандарын аралады. Кеңес дәуірінен кейін қайта жаңғырған көпірдің құрылысымен танысып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Еліміздің Жамбыл облысында 87 ұлттың өкілі тұрады. 25 этнобірлестік бар бұл аймақта. Сол ағайынның арасы ерекше тату. Бір үйдің баласындай ұйып отырған қауымға ортақ шаңырақ мына достық үйі. Осында жүздеседі, мереке-жиынды атап өтеді. Мәселе бола қалса, ұрысты үйден шығармай осы жерде ортақ мəмілеге келеді.

Елбасының жұмыс сапары ең алдымен осы жерден басталды. Береке-бірлікке ұйып, ұдайы ұлттар татулығын ұрпағына ұлағат қылған ұлыстармен кездесті. Ел бірлігі, тыныштығы жөнінде сөз қозғады. Президент көне шаһар Тараздың тамыры тереңге тартатынын, тарихи қаланың өзіндік өнегесі бар екенін айтты. Өйткені Тараз елдегі татулықтың тал бесігіне айналған шаһар. Осы орайда Мемлекет басшысымен жүздескен Ассамблея мүшелері Президентке шексіз ризашылықтарын білдіріп, елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың барлығын бір кісідей қолдайтынын жеткізді. 

Мухабат Абдрахманқызы, ҚХА мүшесі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі: 

- Құрметті Президент мырза! Біз білеміз, Сіз Жамбыл халқына қандай ерекше ықыласыңызды білдіресіз. Онымен біз мақтанамыз. Айтайын дегенім, Сіздің «Рухани жаңғыру» деген мақалаңыз - көп  ойланып, көп толғынап жазылған құжат. Сол мақаланы оқыған кезде Сіздің Ассамблеяның бір сессиясында айтқан сөзіңіз: «Я был бы счастливым Президентом, если бы я говорил на одном государственном языке, а вы бы все понимали» деп айтқансыз. Сол сөзіңіз менің жүрегіме ұялап, мені қазақ тілін толық меңгеруге қанаттандырды. Мен қазақ тілін тек өз отбасымда ғана емес, меңгеруге насихаттайтын үлкен жоба жазып, «Тіл жанашыры» деген төсбелгімен марапатталдым. Ал бүгін латын әліпбиіне көшуге дайынбыз. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Ассамблея народа Казахстана - уникальный институт, который сохраняет межнациональное согласие. У нас один народ - казахстанцы. Внутри казахстанцев есть различные культуры. Это же здорово, правильно? Именно когда различно - интересно. А если в один день все скажут один цвет глаз, волос, роста - ну просто неинтересно. Сегодня я хочу сказать об одном пункте: «Рухани жаңғыру», сознание да, это не просто слова. Сейчас мир меняется, мы должны приспосабливаться, особенно молодежь. Совсем другим становится. Информационно-цифровой мир требует новых знаний, нового понимания. Бежит галопом как пуля время. Так же развивается мир, также развивается общество, мы не должны отставать. Поэтому прежде всего человеку нужно менять себя. Учиться каждый день и всю жизнь. Закончил университет, диплом положил, не пойдет.

Ал бүтіндей аймақтың жайына келсек, Жамбыл облысында осы жылдың алғашқы тоқсанында өңірлік өнім көлемі 231 млрд теңгені құрады. Өндірістік өнім көлемі 6 пайызға артқан. Индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығында 34 жоба жүзеге асып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сол жобалардың бірін Елбасы барып көрді. «КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кəсіпорын құрылыс материалдарын шығарумен айналысады. Жылына 150 мың тонна өнім шығарып, 75 адамды еңбекпен қамтып отыр. 

Нұрлан Әлжанқұлов «КазУпакТрейд» ЖШС бас директоры: 

- Жылына 150 мың тонна гипс шығаруға мүмкіндігіміз бар. Зауытта 75  адам қамтылған. Жалпы жұмсалған қаражат 2,3 млрд теңге. Жалпы бұл зауытта соңғы үлгідегі еуропалық қондырғылар қондырылып, өте жақсы сапалы гипс шығаруға мүмкіндік бар. Ол гипс осы бүкіл Қазақстанның ірі қалаларына және де жақын шетел Қырғызстан, Өзбекстанға шығару мүмкіндігіміз бар. 

Елбасы сондай-ақ өңірдің өнеркә­сіп басшыларына да уақыт бөліп, жоспарларын тыңдады. Мамандар инд­устрияландыру бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс қорытындыларын баяндап, басым­дық берілген басты бағыттарға тоқталды. 

Диалог:

- Кім алады цианитты?

- Алтын жууға «КазЦинк», «Алтын Алмаз», «Қазақалтын» алады. Ресей, Тәжікстан, Қырғызстаннан сұраныс өте көп.

- Мұны қашан шығарасың?

- Қазір шығарып жатырмыз. Биыл 7 мың тонна шығарамыз деп отырмыз. Келер жылы тағы кеңейтіп, 2019 жылдың бірінші кварталында.

- Қай жерде ол?

- Қаратауда. 

Тағы бір мемлекеттік бағдарламаның жемісі мына бір жол өткелі. Құрлысы Кеңес одағы кезінде басталып аяқталмай қалған көпірге «Нұрлы жолдың» нұры түсіп, қайта жаңғырды. Бұл жолды жамбылдықтар ұзақ күтті. Қаланың екі бөлігін жалғайтын көпір көлік кептелісін азайтып, қатынасты оңтайландырмақ. Шойын жолдың арғы бетіндегі 12і ауылды мекендегі жүз мыңдай халық игі бастаманың игілігін көруге асық. 

Ғалымжан Әбдірайымов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары: 

- Бүгін міне, маңызды көпір деп айтқым келіп тұрғаны - бұл 315 метр ұзындығы алты жолақты, күніне 7 мың автокөлік өткізуге қауқарлы көпір. Халыққа елге маңызды көпір  деп айтқым келіп тұр. Он алты шақырым жерде қырғыз елі, біздің границамыз. Қырғыз азаматтары да біздің осы Тараз қаласына кішкентай путепровод арқылы кіретін. 2,5 мың, 3 мың көлік кептеліспен кіріп, шығып жүрген. Бүгінде мына көпір халыққа өте ыңғайлы болады деп ойлаймын. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбае­в сондай-ақ Жамбыл облысының жұртшылығ­ымен де жүздесті. Өңірдегі әлеум­еттің әлеуеті əңгімеге арқау болды. Бұл ретте Тараз халқы Президентке ең әу­елі күллі әлем көз тігіп, жоғары баға бе­рген ЭКСПО көрмесінің елімізде өткеніне шексіз ризашылықтар­ын білдірді. 

Жандар Кәрібайұлы, облыстық коғамдық­ кеңес төрағасы: 

- Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Осыдан ж­иырма жыл бұрын Сенаттың бір отырысында «Біздің еліміз ­үйренуші елден үйретші елге айналады» деген едіңіз. Сол қазір айна-қатесіз орындалып жатыр деп айтуға болады. Қазір қатарынан қалпы озық, ортасынан ойы озық мемлекетке айналдық. Өзіміздің жаңа тарихымыздың жарқын беттерін жазып жатырмыз. Алдымен айтайын дегенім, мынау ЭКСПО үшін біз өте ризамыз сізге.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барып қайттыңыз ба? 

Жандар Кәрібайұлы, облыстық коғамдық­ кеңес төрағасы: 

- Бардым, бардым. Құрылтайға барған кезде бардым, одан кейін тағы бардым. «Қосымша энергия» деген қозғалыс. Соның Астанадан бастау алуы бізді өте тебірентті. 

Осы орайда облыс кәсіпкерлері де м­емлекет тарапынан жасалып отырған қолдау­ды жіті сезініп отырғанын тілге тиек етт­іп, алға қойған мақсаттары да айқын екен­дігін жеткізді.

Мейрамбай Дөненбаев, «Шәушен» шаруа қ­ожалығының басшысы: 

- Бүгінгі таңда шаруашылығымызда қой 44 мың басқа, жылқы 2,5 мың басқа, егістік жеріміз 10 мың гектарға жетті. Сол кезде Сіз бір сөзіңізде айтқан едіңіз: «Мынау табыстарыңның мол болғаны жақсы, бірақ табыстарыңызды жамбастарыңызға баспай, елдің игілігіне салыңдар» деп, тапсырма берген едіңіз. Сол тақырыпта да біраз жұмыс атқардық. Сол 2005 жылдан бері қарай өз ауылымызға малшылардың балаларына арнап, үлкен заманауи интернат салдық. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Р­еспубликасының Президенті: 

- Егер ауылдың бәрі осындай болса, қандай керемет болар еді. Осындай болмаса да, осының жартысын жасаса. Қазір жалпы ауылдың жағдайы жаман емес. Бірақ әлеуметтік жағдайға көп көңіл бөлетін болса, одан да жақсы болар еді. Мынау қазір кооператив дегенді дамытып жатырмыз. Ол бар ма сіздерде?

Мейрамбай Дөненбаев, «Шәушен» шаруа қ­ожалығының басшысы:

- Ауылдың ішіндегі шаруашылықтар бірігіп, кооператив құрылып жатыр. Ауыл үшін салыстырмалы шаруашылық болғандықтан, биылдың өзінде 8 мың гектар жері бар бірнеше шаруашылық келіп қосылды.

Қорыта келе Нұрсұлтан Назарбаев тарихы бай, тағ­лымы терең Тараз қаласының тірлігіне оң бағасын берді. Алайда мы­на жаһандану заманында сананы жаңғыртып ­ғана қоймай, тың технологияларға да басымдық­ беру керектігіне ерекше екпін салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Р­еспубликасының Президенті: 

- Жамбыл облысының өндірісін көбейту керек. Өндіріс көбейсе, экономиканың ауқымы кеңейеді. Үкіметке түсетін қаражат көбейеді. Көріп отырмын, «Нұрлы жер» бағдарламасымен жаңадан мөлтек аудандар салынып жатыр. Жол салынып жатыр. Қазір Жамбылдың үстімен «Қытай - Батыс Еуропа» деген үлкен даңғыл кетіп жатыр. Темір жол бара жатыр. Газ құбыры өтті. Барлығы газдандырылып, бұрынғыға қарағанда жер мен көктей болды.

Əлбетте өңірдін дамуында кем кетіктер де жоқ емес. Президент сан қуып,  сапаны естен шығарған бірқатар сала басшылары­н сынға алды. Қағаздағы көрсеткіштер шындыққа жанаспайды, ал шенеуніктер шалғайдағы халықтың тұрмысынан бейхабар. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респу­бликасының Президенті: 

- Если ВРП на душу населения взять, область находится на  одном и­з последних мест. Тут я к сегодняшнему акиму или кому-то претензии не хочу предъявлять. Это так сложилось. Область развивалась однобоко - сельское хозяйство. Когда нет промышленности нет объема. Когда нет объема вот и будет человечество: на бумаге пишут наши чиновники сидят в аппарате и расс­уждают, не зная ни черта, что творится н­а местах. Вот химия, кластер, промышленность, переработка сельского хозяйства - это дает дополнительную продукцию, добавленную стоимость - надо этим больше заниматься. В настоящее время ведется работа по созданию современного химического кластера, однако до сих пор не введен основной завод в го­роде Жанатас. Он должен был быть введен. Не решены вопросы инфраструктуры. Обеспечение газом, подведение дороги - это все находится ­в ведении местной власти. Пять лет назад Была создана свободная экономическая зона Тараз, на ее территории до сих пор не реализован ни один проект.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қо­лдауға ие бола тұра салықтан жалтаратын ­жұртшылыққа қатысты да өз пікірін білдір­ді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респу­бликасының Президенті:

- Кто ему дал эту территорию, землю? Кто ему дал кредиты? Государство. Так будь открытым перед государством. У нас налоги мизерные, в мире такого нету - 10% плоских подоходных налогов. Мы должны в конце концов с этим разобраться. Я перед правительством, министерством соцобеспечения поставил этот вопрос. И к вам это подойдет. Я говорю не потому, что есди бы это был нерешаемый вопрос. Я бы не задавал вопрос. Я говорю все условия есть. Микрокредит даем, обучаем, на работу устраиваем, откуда они появляются? Живут нормально, зарабатывают нормально, но он видишь ли самозанятый. Он просто ушел от учета, в серой полосе живет. Скрывается от налогов - а это уголовно наказуемое дело. В мире уклонение от налогов - самое страшное преступление.

Бір жарым сағатқа созылған жиында ­Жамбыл облысының даму көкжиегі талқыланып, облыс басшысына нақты ­тапсырмалар жүктелді.  

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жанұзақ Боранбаев, Ержан Рахманбердиев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top