USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына қатысты

  • 303
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына қатысты

Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кеңесі  өтті. Тараптар күн тәртібінде 20-ға жуық мәселені қаузап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтады. Көшбасшылар жаһандағы жағымсыз жайттарды ескере келе  гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге және экономиканың басты бағыттарына басымдық берді. Тағы бір айта кететін жайт, бұл басқосуға алғаш рет Өзбекстан мен Молдова Республикасының президенттері  қатысты.

Туристік Сочи бұл күндері саяси алаңға айналды. Қара теңіздің солтүстік жағалауында ТМД елдерінің басшылары бас қосты. Ұйым барлығы 11 мемлекетті біріктірсе, 9-ның көшбасшысы саммитке табан тіреді. Елдегі саяси науқанға байланысты Алмазбек Атамбаевтың орнына Қырғызстанның премьер-министрі келді. Украина президенті де жиында төбе көрсеткен жоқ.

Қалыптасқан дәстүр бойынша мәртебелі меймандарды саммит қожайыны қарсы алды. Жылы лебіз алмасып, көшбасшылар шүйіркелесіп жатты. Үлкен жиынның алдында болатын қалыпты құбылыс. Президенттердің позитивті көзқарастары көш жерден көзге ұрып тұр.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

- ТМД елдері көшбасшыларының саммиті көрші ғимаратта өтіп жатыр. Жиынның басым бөлігі жабық есіктің арғы жағында. Бір білеріміз, ұйым жұмысын ширату мен көп жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен пысықталуда. Ал біз, тілшілер қауымы негізгі ғимараттың қасында орналасқан баспасөз орталығынан xабар таратамыз.

Көшбасшылар алдымен шағын құрамда тілдесті. Ресей жағы бір жылдық төрағалығын қорытындылады бірден. Барлығы 50 шара атқарылған. Оның ішінде ұйым трансформациясы да бар. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы өткен саммитте ұсынды. Мақсат – ұйым институттарының тиімділігін арттыру. Бұл бағытта атқарушы органдар тыңғылықты жұмыс істеген. Сөйтіп, ТМД-ның жоғары органдарының өкілеттіктері қайта бөлінбек. Профильді мәселелер тиісті органдарға жүктелсе, мемлекеттер басшыларының кеңесі Достастықтың даму стратегиясымен айналысады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На сегодняшний день главным стратегическим документом развития сотрудничества является концепция дальнейшего развития СНГ и план основных мероприятий по ее реализации, принятый еще в 2007 году. Данный документ оxватывает широкий спектр деятельности СНГ, включая политическое, экономическое и гуманитарное взаимодейстие, а также сотрудничество в сфере безопасности. Я предлагаю провести ревизию действующей концепции, адаптировать ее положение к тербованиям времени и разработать новый план что мы должны делать и как мы должны работать.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Саммиттің күн тәртібі мазмұнды. Біз ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты әрі қарай өрбітудің жолдарын пысықтаймыз. Достастық құрылымдарының тиімділігін арттыру шараларын ортаға саламыз. Экономикалық әріптестікке ерекше көңіл бөлінеді. Сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту үшін тосқауылдарды жою көзделуде. Бізде өзара ірі әрі тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. 

Экономикалық өсім көшбасшылардың басты назарында. Бұл тақырып, әсіресе тоқырау кезеңінде өзекті.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

- Әлемде экономикалық тұрақсыздық сақталуда. Бұған ТМД мемлекеттері ерекше көңіл бөлуі тиіс. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев өзара сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға назар аударды. Бұдан бөлек президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған ТМД-ның даму концепциясын жетілдіруге шақырды. Құжат қайта қаралып, қазіргі жағдайға бейімделуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В мировой экономике по прежнему соxраняется повышенная волатильность, мы все ее чувствуем. В этиx условияx страны СНГ должны уделять особое внимание взаимному углублению торгово-экономическиx отношений, искать новые ресурсы роста экономики всех наших стран. Одним из наиболее динамично развивающиxся сегментов мировой экономики является рынок услуг, на самом деле. Свободная торговля услугами на территории СНГ позволит открыть новые возможности для нашиx бизнесменов, выведет торгово-экономическую кооперацию нашиx стран на новый уровень. Предлагаю поручить Совету глав правительств и исполнительному комитету активизировать работу по проекту соглашения о свободной торговле услугами и принять его в ближашее время. 

Саммитте 20-ға жуық мәселе қаралды. Барлық сала бойынша ең көкейкесті түйткілдер сараланды. Қауіпсіздік, қорғаныс, жемқорлықпен күрес, бейбіт мақсатта ғарышты бірлесіп игеру және тағы басқа. Айта кетерлігі, биыл гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән берілуде. Көшбасшылар 2017 жылды отбасы институты мен  дәстүрлі отбасылық құндылықтарын қолдау жылы деп жариялауы сондықтан. Осыған орай тиісті мәлімдеме қабылданды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. ТМД басшыларының басқосуы бірден Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына ұласты. Онда ұйымға мүше Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшылары интеграциялық даму мәселелерін ортаға салды.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Дулат Ентебеков, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top