361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ел қоржыны алтыншы алтын медальмен толықты

  • 317
Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ел қоржыны алтыншы алтын медальмен толықты Фото: VKsport

Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында алматылық сырықпен секіруші Никита Филиппов чемпион атанды. Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлады.

Бұл сайыс түрінен Филипповтан бөлек қарағандылық Даниил Полянский да жарыс жолына түсті.

Никита жарыс жолына соңғы болып шықты. Өйткені ол алғашқы мүмкіндігінде-ақ 5,20 метрге тапсырыс берген. Ал Полянский жарысты 5 метрмен бастады. Бірақ бұл биіктікті Даниил екінші мүмкіндігінде бағындырды. Ал Кувейттен келген Али Алсобагхах 5 метрге бірінші талпысында-ақ секірді. Нәтижесінде Полянский жарысты төртінші орынмен аяқтады. Кейіннен жерлесіміз 5,20 метрге тапсырыс бергенімен, жолы болған жоқ.

26 жастағы Филиппов бірден 5,20 метрге секіріп, чемпион атанды. Иран спортшысы Мохаммад Баниадамның да көрсеткіші дәл осындай. Бірақ ол екінші мүмкіндігінде бағындырғандықтан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Никита 5,40 метрге ұмытылып көргенімен биіктікті бағындыра алмады.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты. 2 ақпан. Сырықпен секіру, ерлер:

1. Никита Филиппов (Қазақстан) – 5,20 метр;

2. Мохаммад Баниадам (Иран) – 5,20 метр;

3. Али Алсобагхах (Кувейт) – 5,20 метр;

4. Даниил Полянский (Қазақстан) – 5,20 метр.

Хабар 24 телеарнасы