USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Елбасы Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті

Елбасы Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері Чон Се Гюнмен кездесті

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымының көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бүгін Ақордада Корея Ұлттық ассамблеясының спикерін қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін айтты.

Кореялық тауарлар қазақстандық логистикалық терминалы бар Ляньюньган порты арқылы елімізге әкелініп жатыр. Енді бұл мемлекетпен индустрияландыру, медицина және жаңа технологиялар саласында әріптестікті арттыру қажет. Бұған қоса, Президент екі елдің парламентаралық қарым-қатынасын дамыту керектігіне де тоқталды. Ал Чон Се Гюн Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылағанына алғысын білдірді. Сондай-ақ Астананың қарқынды дамып бара жатқанын айрықша атап өтіп, Қазақстанда өткен әлемдік шараларға жоғары баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– С вашей страной у Казахстана очень добрые отношения. Был у меня визит год тому назад. Мы многие совместные вопросы решили, развивается торговля. И то, что Корея сотрудничает с нашим регионом, соседями мы это поддерживаем. Ваш приезд очень важный для нас. У нас есть возможность подвести еще раз черту под нашим сотрудничеством с вами и укрепить отношения. Товарооборот между нашими странами - около двух миллиардов долларов, небольшой. Казахстан очень хочет сотрудничать в вашей страной в области новых и цифровых технологий, в сфере индустриализации, медицины и других направлениях. Товары с вашей страны стали приезжать к нам через порт Ляньюньган, где у нас есть свой терминал. Это для нас новые возможности.

Чон Се Гюн, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері

– Екіжақты байланысты талқылау мақсатында бізді қабылдағаныңыз үшін Сізге айрықша алғысымды білдіремін. Астанаға алғаш рет осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2006 жылы келдім. Ол кезде мен Индустрия және сауда министрі едім. Осы уақыт аралығында қаланың қарқынды дамығанына куә болдым.

Сондай-ақ Ұлттық ассамблея спикері өткен ғасырдың 30 жылдары елімізге жер аударылған этникалық кәрістерге қолдау көрсеткен қазақ халқына алғысын жеткізіп, Кореяның «Қазақстан -2050» стратегиясы бойынша еліміздің серіктесі болуға дайын екенін айтты.

Чон Се Гюн, Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының спикері:

– Корея делегациясына ізгі ілтипат білдіргені үшін ризамыз. Мен бүгін Нұрсұлтан Әбішұлына «Қазақстан-2050» стратегиясын қолдайтынымызды жеткіздім. Корея Қазақстанның экономика, бизнес, технология салалары бойынша серіктесі болуға дайын. Сондай-ақ өткен ғасырдың 30 жылдары жер аударылған этникалық корейлерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін қазақ халқына шексіз алғыс білдіремін.

 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде