USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің жұмысы қорытындыланды

Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің жұмысы қорытындыланды Sputnik Казахстан

Бүгін елордада бас қосқан Ресей, Түркия және Иранның сыртқы істер министрлері бір сағат бұрын келіссөзді аяқтады.

Кепілгер елдердің өкілдері Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің жұмысын қорытындылап, одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгіледі.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қазақстанның аталған келіссөздерге өз алаңын ұсынуы Сириядағы қақтығысты реттеу жолындағы еліміздің, оның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүше ретіндегі қомақты үлесі деп бағалаймыз. Сондай-ақ елордамызда бірінші рет Иран, Ресей, Түркия сыртқы саясат ведомстволары басшыларының  қатысуымен бірге өтетін кездесу Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішіндегі қол жеткізген нәтижелерді талқылауға және де алдағы үшжақты іс-қимылдарды белгілеуге жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

- Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның бас қаласы айтылған кезде, миллиондаған сириялық Астанаға үлкен үмітпен қарайды. Бір жыл бұрын Ресей, Иран және Түркия  құрған Астана процесі өзінің маңыздылығын дәлелдеді. Осы уақыт аралығында деэскалация аумақтары құрылып, қазір ол табысты жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмек жеткізу, минадан тазарту шаралары да қолға алынды. Тұтқындарды босату жөніндегі жұмыс тобы да құрылды. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астана процесі құрылғаннан бері көрсетіп келе жатқан қолдауы және ашық алаң ұсынғаны үшін ризалық білдіремін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде