352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдегі су тасқынынан келген шығын толық өтеледі

  • 422

Семейде су тасқынынан зардап шеккен көшелер мен аулаларды құрғату қарқынды жүріп жатыр.

Әзірге соңғы ақпараттар бойынша 50 тұрғын үй әлі де су астында қалуда. Төтенше жағдаймен танысуға келген облыс әкімі Даниал Ахметов барлық шығындар толық өтелетінін, ол үшін арнайы комиссия жұмыс істейтінін айтты. Алғашқы көмек ретінде облыстан 70 миллион теңге алдағы дүйсенбіде Семей қаласына аударылады. Бүгін Ертістегі су деңгейі 277 сантиметр болып тұрғанын айта кетейік.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– 3-4 күннің ішінде біз суды жоямыз. Содан кейін бірге қоғамды көтеріп, бірге осы үйлерді тазалаймыз. Содан кейін сіздермен бірге комиссия болады. Ол санайды, қанша құрылыс жұмысын осы жерде істеу керек. Соны бірге істейміз.

Хабар 24 телеарнасы