352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

  • 268

Елбасы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Кездесу барысында кәсіпорынның бірінші жарты-жылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы даму жоспары сөз болды.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты. Ал Сауат Мыңбаев мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады. Әрі энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер ету мәселесіне де мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мұнай мен газдағы біздің ең үлкен компаниямыз «ҚазМұнайГаз» қазір бір деңгейге жақындап келе жатыр. IPO-ға шығарайын деп отырмыз. Трансформациядан өтіп жатсыңдар, цифровизация, оптимизация бәрін жүргізіп жатсыңдар. Қазіргі жағдайы қалай болашағы қалай сол жөнінде айтып бер.

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

-Жартыжылдық барлық жоспарлар орындалды. әсіресе газдың тасымалдау көлемі 15 пайызға өсті. Жаңағы 3 зауыттың модернизациясы өткенен кейін загрузкасы көбейіп, былтырғы мұнайдың өндіру көлемі 15 пайызға өсті былтырға қарағанда. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-«ҚазМұнайГаз» барлық үлкен мұнай газ өндіретін компаниялардың ішінде бар. Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» арқылы барлығын бақылап отыратын жағдайы бар. Алдында тұрған мақсаттар өте көп.

Хабар 24 телеарнасы