USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ҚР мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа арналған конференция өтті

  • 231
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ҚР мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа арналған конференция өтті

Жаңа заманда білімді миллиондарды мойындатады.

Өзімізбен шектелмей, өзгелердің озық тәжірибесін меңгеру уақыт талабы. Астанада Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 25 жылдығына арналған конференция өтті. Жиын негізінен білім саласындағы арақатынасқа бағытталған. Бүгінде елімізде 200 мың неміс ұлты өзгелермен қоян-қолтық тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Олардың өз тілінде оқып, білім алуына толық жағдай бар. Отандастарымыз да Германияның озық оқу ордаларында білім алады. Арнайы бөлінетін гранттардың да саны жылда артып келеді. Басқосуда кәсіптік-техникалық білім беру мен екі жақты ынтымақтастықтың жайы кеңінен талқыланды.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Қазақстан мен Германия тек қана экономикалық тұрғыдан емес, сонымен қатар білім саласында да жақсы байланыс орнатқан. 2012 жылдан бері екі ел арасында дуалды оқыту жүйесі жемісті жұмыс істеп келеді. Немістердің білім беру сапасы әлемде жоғары. Сондықтан бірлесіп ортақ жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруымыз қажет.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top