USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ШҚО мен Алтай өлкесі білім саласын өзара нығайтуға ниетті

  • 70
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ШҚО мен Алтай өлкесі білім саласын өзара нығайтуға ниетті

Шығыс Қазақстан мен Ресейдің Алтай өлкесі өзара байланысын енді туризм, көліктік логистика, білім саласында да нығайтуға ниетті.

Бұл бағытта қос тарап арнайы келісім жасасып, меморандумдарға қол қойды. Шекаралық аймақтардың байланысы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық жобасын жүзеге асыруға да серпін бермек.

Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесі арасындағы тауар айналымы бүгінде 45 пайызға жеткен. Көршілес ел бағзыдан қазақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынады. Біздің тараптан машина жасау жабдықтарына сұраныс бар. Шекаралық аймақтар экономика тұрғысында жемісті байланыс орнатып үлгерген. Енді көлік логистика саласында да ортақ жұмыстар күтіп тұр. Себебі Ресей Орта Азия елдеріне өз тауарын Шығыс Қазақстан арқылы тасымалдайды.

Александр Карлин, Алтай өлкесінің губернаторы (РФ):

– Көліктік инфрақұрылымды дамыту жоспары бар. Жоба федералдық орталық, өңірлік жол қоры, Алтай өлкесінің өз қаражатымен жүзеге асырылады. Есесіне нәтижесі көпке ортақ. Алтай өлкесінің тұрғындары ғана емес, Қазақстанның Шығыс және Павлодар облыстары да көретін болады.

Шекаралық аймақтардың бизнес саласында да байланысы жемісті. Мысалы, шүмекті арматура шығаратын кәсіпорын өнімдеріне Ресей нарығында да сұраныс жоғары. Енді Челябі мен Магнитогорск кәсіпорындарына сапалы жабдықтар жеткізу көзделіп отыр.

Зоя Новолодская, машина жасау кешенінің даму жөніндегі директоры:

– Біз жобалық шешімнен бастап, өндіріс, жабдықты жеткізу, сервистік қызмет көрсету жұмыстарымен айналысамыз. Бұл – тұтынушыларымыз үшін аса қажет қызмет. Ресейліктер тарапынан да сұраныс жоғары.

Алпауыт кәсіпорындарға маман дайындап қана қоймай, ғылыми қолдау көрсетіп отырған шығысқазақстандық жоғары оқу орындарының тәжірибесі де ресейліктерді таңғалдырды. Енді тараптар білім мен әлеуметтік сала бойынша да ортақ мүдде де жұмыс атқармақ.

Жасұлан Шаймарданов, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры:

– Титан-магний комбинаты әлемдік титан нарығының 15 пайызын құрайды. Өңірдегі әрбір алып кәсіпорындардың дүние жүзіндегі беделі орасан. Олармен жұмыс істеу біз үшін де үлкен мәртебе.

Техникалық оқу орнындағы ағылшын тілін оқыту бағдарламасы да ресейліктерді бейжай қалдырмады. Таяуда Новосібірден арнайы делегация келіп, тәжірибенің қыр-сырына қанықпақ. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top