352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

NAFSA мен Қазақстан білім беру бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

  • 144

NAFSA жоғары білім беру саласындағы қызметкерлердің халықаралық қауымдастығына биыл 70 жыл.

Бұл – әлемдегі ең ауқымды үкіметтік емес ұйым. Ол 150 елден мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының 10 мыңнан астам өкілдерін біріктіреді. NAFSA халықаралық қауымдастығы мен Қазақстан халықаралық білім беру бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жоғары білім берудің өзекті моделін ұсынуға арналған ірі халықаралық алаң өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындарының деңгейін жоғары бағалап отыр. Олардың пікірінше, отандық білім беру саласы әлемдегі басқа жетекші университеттермен тәжірибе алмасып, шетелге студенттер жіберу ғана емес, Қазақстанға да шетелдік студенттер тарту керек. Бұл халықаралық білім беруді дамытудың түрлі перспективаларына жол ашады.

Дэвид Смит, Батыс Вирджиния университетінің профессоры:

- Біз Қазақстанмен студенттерімізді алмасу бойынша серіктестік орнатуға мүдделіміз. Сіздердің тараптан белсенді, білімді жастарды қабылдауға әрдайым дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы