359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаулық жасөспірім халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

  • 91
Көкшетаулық жасөспірім халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Көкшетаулық 16 жастағы Нұрдәулет Кемел халықаралық байрақты бәсекеден жүлделі оралды.

Ол жақында Португалияда өткен 49-шы физика олимпиадасында 90 елден келген 400 баланың арасынан қола медальді жеңіп алды. Нұрдәулет Астанадағы «Нұр Орда» мектеп-лицейін биыл ғана бітірді. Ол 7-сыныптан бастап физика пәнін тереңдетіп оқыған. Осы уақытқа дейін 8 халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі болды. Енді Гонконг университетіне грант арқылы оқуға мүмкіндік алып отыр. Әлемге әйгілі жоғарғы оқу орнында Нұрдәулетке 800 мың теңге стипендия да тағайындалған.

Айта кеткен жөн, онымен бірге аталған Олимпиадаға барған қазақстандық оқушылар тағы 3 медаль еншіледі.

Нұрдәулет Кемел, Халықаралық физика Олимпиадасының жүлдегері:

- Осы Олимпиадаларда есептердің қиындығы негізі университеттің бағдарламасымен пара-пар деп ойлаймын. Өйткені университетте 1-2 курста оқитын тақырыптар жаңағы Олимпиадаларға сай келеді. Басында әрине, мұғалімсіз өте қиын. Сол үшін бірінші жылы 7-сыныпта мұғалімдер көмектеседі. Сосын олар көбінесе қандай материалды оқу керектігін айтады.

Хабар 24 телеарнасы