352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы мектеп-интернат оқушылары жазғы демалыста робот құрастыру үйірмесіне қатысты

  • 105

Қазақстанда 148 мың бала инклюзияға зәру. Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау оқушылармен бірге оқып, бірге дамуына көңіл бөлінетінін жеткізді.

Аймақтарда ресурстық орталықтар пайда болады. Ал ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың арнайы мектеп-интернаттарында жағдай қандай? 

Астанадағы №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары жазғы демалысын роботехника үйірмесінде өткізді. Тың ізденіс диагнозы әрқилы, бірақ тағдыры ұқсас балаларды жауапкершілікке баулып, қиялын шыңдады. Үйірме жетекшісі Берік Едігеұлы қазір Дима Саражимовпен жұмыс істеп жатыр. Әрбір шәкірітне мұқият көңіл бөлетін мұғалім балалардың жетістігіне марқаяды. 

Берік Айдарбеков, робототехника үйірмесінің жетекшісі:

- Мынау Диманың істеген жұмысы. Мынаны әрі қарай компьютерге программа қосып, сосын мына жүрегі дейді роботтың, одан ол робот қимылдайды. Бала ынталанып келеді. Осындағы роботты жинайтын ұсақ-түйек саймандары баланың, ең бірінші, моторикасын дамытуға көмектеседі. Саусақпен сезіну арқылы ойлау қабілеті тереңдейді. Бұл өте пайдалы керек дүние деп өзім есептеймін. 

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Ерекше балаларға - ерекше қамқорлық. Бұл мектеп интернаты жанынан ашылған арнайы, бірегей стем-зертхана. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар қыш бұйымдарын жасап, технология мен инженерияның қыр-сырына қаныға алады. Барлығы да олардың қоғамнан өз орнын тауып, жан-жақты дамуына бағытталған. 

Ұстаздар заманауи стем-зертханада балалардың ғылымға, еңбекке қызығушылығы оянатынына сенімді. Зердесі төмен болғанымен зерек оқушылар жаңа оқу жылында өздері үшін жаңалық болар тың дүниелермен танысады. Арнайы мектеп-интернатында тәлім алып жатқан 360 баланың ендігі ермегі – ертеңгі еңбегіне айналуы мүмкін.  

Марина Иманбаева, директордың орынбасары:

- Біздің мақсатымыз балаларымыздың қоғамдағы орнын айқындау. Зертхана, бассейн, спорт залдарымыз бар. Мектепті аяқтаған түлектерімізге куәлік береміз. Олар қалаған оқу орындарына түсіп, тігіншілік, аспазшылық, ағаш ұстасы сынды мамандықтарды игере алады. Олардың толыққанды азамат болып қалыптасуына бар жағдайды жасаймыз. 

Бұл жүйелі жаттығу мен талпыныстың жемісі. Кішкейынан арбаға таңылған Алина тәй-тәй басып, жүре бастады. Ұстаздары енді жігерлі қыздың жан дүниесін байытуға ден қойып отыр.

Манарбек Ахатов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Бала қадам басып жатыр. Бала мүгедек болғасын әке-шешесі болмағасын тәрбиелеу, ең бастысы. Ішкі руханилықты, имандылықты беру, содан кетеді. Жаттығу жүре береді. «Дело техники» дегендей. 

Елімізде 148 мың бала инклюзияға зәру. Білім және ғылым министрлігі олардың жағдайын түзеу амалдарын ұсынды. Енді әр өңірде арнайы ресурстық орталықтар ашылады. Демек, барлық балада лайықты білім алуға мүмкіндік туады. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы