«7-20-25» бағдарламасы аясында ипотекалық несие берілуде - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

«7-20-25» бағдарламасы аясында ипотекалық несие берілуде

«7-20-25» бағдарламасы аясында ипотекалық несие берілуде

«7-20-25» бағдарламасы аясында жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын 95 ипотекалық несие беру мақұлданды.

Инвестициялар және даму министірі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл бұл мақсатқа 100 млрд теңге қарастырылған. Ал сұранысты қанағаттандыру үшін ағымдағы жылы республика бойынша 103 мың баспана қолданысқа енуі тиіс. Қазір оның тең жартысы пайдалануға берілді. Айта кетейік, бағдарлама аясында жеңілдетілген ипотека жаңа құрылыстан үй алғандарға беріледі.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Бұл жобаға Ұлттық банк жауапты. Олардың мәліметі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияының  қарауына өтініштер түсе бастады. Қазірдің өзінде шамамен 148 өтініш жолданды. Бұл бағдарлама аясында жұмыс істейтін әрбір азамат тиімді шартпен ипотекаға үй ала алады.

Ал ауыл-аймақтарда жол салып, тиісті жөндеу жүргізу үшін биыл республикалық бюджеттен 145 млрд теңге бөлінді. Бірақ келер жылдан бастап бұл мақсатқа жыл сайын 150 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде жыл сайын 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар автожолдар тиісті жөндеуден өтеді. Жоспар бойынша, 2025 жылға дейін ауылдық жерлердегі жолдардың 85 пайызының сапасы жақсаруы тиіс. Сондай-ақ биыл республикалық маңызы бар автожолдың 4 мың шақырымы жөнделеді. Павлодар-Семей, Павлодар-Астана, Теміртау-Қарағанды, Орал-Тасқала бағытында қатынайтын жолдар пайдалануға беріледі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде