359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері оңтүстік өңірлерде 42 градусқа дейін ыстық күтіледі

  • 315
Демалыс күндері оңтүстік өңірлерде 42 градусқа дейін ыстық күтіледі rbc.ua

«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың солтүстік өңірлерінде өткінші жаңбырларға қарамастан, 29 шілдеде ауа температурасының күндіз 25-30 градусқа дейін көтерілуі күтіледі. Ол Иран аудандарынан келетін жылы ауа массасымен байланысты. Ал республиканың оңтүстік-батысында сынап бағанасы плюс 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның шығыс бөлігінде циклонның жоғары жырасы өзінің ықпалын сақтайды, онымен бірге салқын және ылғалды ауа келеді, өткінші жаңбыр, бұршақтың жаууын, желдің дауылды күшеюін және ауа температурасының ауытқуын тудырады.

Хабар 24 телеарнасы