356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көліктік карта: жеңілдікпен жүретіндер, оқушылар мен студенттер нені білуі қажет?

  • 189
Көліктік карта: жеңілдікпен жүретіндер, оқушылар мен студенттер нені білуі қажет? astana.gov.kz

Астананың қоғамдық көліктерінде осы жылдың шілдесінде электронды жолақы төлем жүйесін (ЭЖТЖ) іске қосты.

Бүгінде мыңдаған қалалықтар көліктік картаны пайдаланып жүр. «Астана LRT» компаниясы ЭЖТЖ артықшылықтары мен тариф саясатын және де көліктік картаны қайдан алуға болатынын, қалай толтырылатынын, оқушылар өз атына жазылған картаны қалай алады, өз атына жазылған жеңілдік картасы деген не, осы туралы айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Электронды төлем жүйесі жол ақысын төлеудің екі нұсқасын қарастырады: көліктік карта және бір реттік билет алу арқылы қолма-қол ақша төлеу. ЭЖТЖ енгізілсе де, жолаушылардың қолма-қол ақша төлеу құқығы өзгеріссіз қалады.

Жеңілдікпен жүретіндер үшін ЭЖТЖ ережесі

Өз атына жазылған жеңілдік картасын Астана қаласы бойынша МЗТО есебінде тұратын азаматтар ала алады.

Өз атына жазылған картаны ала алатындар:

1) зейнет жасына жеткен және қызмет өткерген жылдары үшін алатын зейнеткерлер, сонымен қатар жасына жеткен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын және зейнет жасына жеткендер, асыраушысынан айрылған жағдайда;

2) көпбалалы аналар;

3) көпбалалы отбасылар;

4) мүгедектер;

5) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар, оның ішінде ата-анасының бірі (заңды өкілі);

6) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, соларға теңестірілген тұлғалар.

«Жеңілдік көліктік картасы атына жазылған және үшінші тұлғаға пайдалануға бере алмайды. Өз атына жазылған жеңілдік картасы Астана қаласы бойынша МЗТО есебінде тұратын азаматтарға ғана беріледі», - деп түсіндірді Астана ЛРТ.

Қалалық және экспресс-маршруттарда жолақы үшін жеңілдік көліктік картасы толтыруды қажет етпейді және жүру санын шектемейді. Жеңілдік санатымен жүретін азаматтар жол ақысын төлемесе де, картасында жолақысы болмаса да, олар да көліктік картаны автобус салонына кірген кезде валидаторға жақындатуы тиіс.

Оқушыларға арналған карта

Өз атына жазылған көліктік картасы 15 жасқа толмаған мектеп оқушыларына беріледі.

Картаның осы түрін тұтынушылар үшін жолақының бағасы 50% (40 теңге). Оқушылардың көліктік картасы өз атына жазылады және оны үшінші тұлғаға пайдалануға бере алмайды.

«Көліктік картасын оқушы өзі оқитын мектептен алады. Алғашқы картаны тегін береді. Жоғалтып алған жағдайда мектеп картасын қайта шығарудың бағасы 400 теңге. Егер мектепте картаны рәсімдеуден бас тартса, ата-ана немесе қамқоршы Қажымұқан к, 14 мекенжайында орналасқан Орталық кассаға өзі бара алады. Өзімен бірге баланың туу туралы куәлігін, ата-аналардың бірінің жеке төлқұжаты, бала оқитын оқу орнынан анықтама, 3х4 мөлшердегі баланың суретін ала баруы қажет. Мектептен анықтамасыз барса, атына жазылған картаны шығарып беру 400 теңге тұрады», - деп түсіндірді Astana LRT.

Сондай-ақ https://transcard.kz/school-card/ сілтемесі арқылы оқушыға арналған көліктік картаға онлайн тапсырыс беруге болады. Ескере кететін жайт, онлайн өтінішті тек картаны алғаш рет алу кезінде ғана қалдыра алады, дубликат үшін бұл қызмет қолжетімсіз.

Атына жазылған мектеп көліктік картасын басқа қаладан келген балалар да ала алады, пунктке келген ата-анасы немесе заңды өкілі 400 теңге төлеп алуына болады.

15 қыркүйекке дейін оқушылар үшін автобустарда қолма қол ақша төлеу 40 теңге, экспресс-маршруттарда – 90 теңге. Мұндай шешімді әкімдік көптеген ата-аналардың өтінішіне байланысты қабылдады, өйткені барлық оқушылар атына жазылған көліктік картаны алып үлгермеген.

Қыркүйектің екінші жартысынан бастап оқушылар үшін автобустарда жаңа тариф саясаты басталады: қалалық бағдарларда қолма қол ақша төлеу 90 теңге, экспресс-маршруттарда 125 теңге, ал көліктік картамен төлем жасауда – кәдімгі автобустарда 40 теңге, экспресс-маршруттарда 90 теңге болмақ.

Қалған санаттағы азаматтар, колледж бен ЖОО студенттері стандартты көліктік картаны автоматтарда толтыру арқылы және көліктік картаны (RTVM-автомат), мамандандырылған кассаларда, сауда нүктелерінде, кейбір қала автобустарынан сатып ала алады.

Картаның бағасы – 400 теңге. Транспорт картасын сатып алар кезде ақшасы болмайды, толтыруды қажет етеді. Көліктік картасын RTVM-автомат, мамандандырылған кассаларда, Qiwi-терминалдан толтыруға болады. Qiwi-терминал арқылы көліктік картаны толтырған кезде ақша 24 сағаттан кейін түседі.

Жақын арада kaspi.kz және «Астана LRT» www.transcard.kz ЖШС сайтында онлайн төлеудің мүмкіндігі пайда болады. Көліктік картаны 100-ден 5000 теңгеге дейін толтыруға болады.

Көліктік картасы бір ғана жолаушының жолақысын тіркеуге мүмкіндік береді. Көліктік картаның жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Кепілді мерзімі – 2 жыл.

Көліктік картаның артықшылығы мынада, тұтынушы көліктік картамен бірінші валидациядан кейін 60 минут ішінде қоғамдық көлікке қайтадан тегін міне алады. Басқа автобусқа кірер кезде жолаушы тағы да картаны «валидация» жасайды, алайда одан төлем алынбайды. Валидация кезінде экранға «қайтадан мінді» деген хабарлама шығады. Қайта мінуді қаладағы автобустан қалаға, экспресстен экспресске, экспресстен қалалыққа, қала маңынан қала маршрутына отыруға болады.

Қолма-қол төлеген кезде жолаушыға бір реттік қағаз билет беріледі. Мұндай жағдайда жол ақысы үлкендер үшін 180 теңге қала автобустарында, ал экспресс-маршруттарда 250 теңге. Егер автобуста валидатор жұмыс істемей тұрса, жолаушылар үшін жолақы тегін болады.

Хабар 24 телеарнасы