USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


2017 жылғы қаңтар-қазандағы қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105,4%-ды құрады

  • 103
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
2017 жылғы қаңтар-қазандағы қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105,4%-ды құрады Фото: economy.gov.kz

Қысқамерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6547,6 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,5%-ға артық.

2017 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 18153,7 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,5%-ға өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 10,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 4,8%-ға артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,3%-ға төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3560,2 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,1%-ға артты. 2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрды. 2017 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 452,4 млрд ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 8%-ға артты. Жолаушылар айналымының көлемі 224,4 млрд жкм құрап, 3,4%-ға артты.

2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қазандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 7007,8 млрд теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,3%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 15288,4 млрд теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,7%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 55421,8 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,7%-ға артты, оның ішінде экспорт – 34460,7 млн АҚШ долларын (31,4% көп), импорт – 20961,1 млн АҚШ долларын құрады (17,2% көп).

2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 407906 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,4%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 399060 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 253028 құрады, оның ішінде 244665 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем). 

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 4,5%, азық-түлік емес тауарларға – 7,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,6%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қазанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 11,4%-ға жоғарылады.

Ақпарат көзі: Strategy2050.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top