USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



ШҚО-дағы кәсіпорынға отандық мамандар ойлап тапқан автоматтандыру жүйесі енгізілді

  • 164
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ШҚО-дағы кәсіпорынға отандық мамандар ойлап тапқан автоматтандыру жүйесі енгізілді

Шығыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасына енген екі жоба іске қосылды. Атап айтқанда өңірдегі сүт өңдеу кешені қайта жаңартылып, «Казцинк» кәсіпорнының Малеев кенішіне автоматтандыру жүйесі енгізілді.

Шығыс Қазақстандағы сүт өңдеу кәсіпорны сапалы, әрі пайдалы өнімдерімен танымал. Қазір кешен толықтай жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған. Сондықтан бұндағы еңбеккерлер үнемі білімдерін жетілдіріп отырады.

Руслан Данияров, кәсіпорынның аға қызметкері:

- Қарапайым жұмысшыларды айына бір рет тест алып отырмыз. Өндіріс үлкен ғой. Ұмытылып қалады. Ең бастысы сол сапа.

Қазір зауыттың қуаттылығы 55 пайызға артқан. Жаңа технологиялардың көмегімен жылына 40 мың тонна сүт өндіріліп, 70-тен аса өнім түрі шығарылады. Табиғи, таза сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Келер жылы шығыстың сүтін қытайлық тұтынушылар да пайдалана бастайды.

Шынар Сейсембаева, кәсіпорынның бас технологы:    

- Біз ұлттық тағамдарды өндіруге жұмыс жасап жатырмыз. 1-2 аптада осы қаланың дүкендерінен көре аласыздар. Ұлттық тағамдар, ол құрт және сары ірімшік. Сонымен бірге, қышқыл өнімдер балаларға арналған продукциялар жасалып жатыр.

Ал «Казцинк» кәсіпорнының Малеев кеніші толық автоматты жүйеге көшіріледі. Сатылай автоматтандыру барысында 7 инновациялық жоба пайдаланылмақ. Бұл үшін 12 млрд теңге қарастырылған.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Бірегей жүйе кенді игеру барысын бақылап, жұмысшылардың қауіпсіздігін назарда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл жүйені шетелдіктер емес, нақты осы кәсіпорынның бағдарламалаушылары ойлап тапқаны қуантады.

Индустрияландыру картасы жұмыс орындарын көптеп ашуға сеп болып отыр. Биыл бұл бағытта құны 380 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылмақ.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов, Дмитрий Пыхтин

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top