USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Қазақстан Иран мен Бахрейнге экспортталатын қозы етінің көлемін арттырады

Қазақстан Иран мен Бахрейнге экспортталатын қозы етінің көлемін арттырады

Жамбыл облысының активі де Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Олар құжатта көрсетілген тапсырмаларды орындау жолдарына сараптамалық талдау жасап, жоспар құрды. Биыл Әулиеата өңірінде агроөнеркәсіпті одан ары дамытып, өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға ден қойылып отыр. Бұл ретте алдымен жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың жұмысы жандандырылмақ. Ағымдағы жылы ет комбинаты Иран мен Бахрейн елдерінің нарығына мың тоннаға тарта қозы етін шығаруды жоспарлап отыр. Қазір мұнда тәулігіне 1500 бас уақ мал және 300 бас ірі қара етін өңдеу мүмкіншілігі бар.

Айта кету керек, аталған комбинат өткен жылдың соңғы үш айының өзінде 200 тоннадан астам ет экспорттапты.

Берік Егембердиев, ет комбинатының директоры: 

– Толық модернизациядан өтті. Ираннан келген, Пәкістаннан келген өзіміздің әріптестерімізбен бірге жаңа технология әкелдік. Оның ішінде етті 50 градусқа дейін мұздатып, брекет жасайтын жаңа қондырғыларды 100 млн көлеміндегі инвестиция салып әкеліп орнаттық. Иран мемлекеті мен Бахрейн мемлекетімен ұзақ мерзімге келісімшарт жасадық. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде