352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанға түркі әлемінің инвестициясы тартылады

  • 176

Түркістан түркі әлемінің рухани астанасына айналуы мүмкін.

Өйткені қалаға берілген жаңа статус ел абыройын асқақтатып қана қоймайды. Бүкіл түркі халқының инвестициясы осы қалаға салынуы мүмкін. Сенат депуттары осындай пікір білдірді.

Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Түркістан қаласына инвестиция тартылатын болады. Бұл жалпы түркі әлемінің орталығына айналатын қала болады.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл біріншіден, Түркістан қаласының дамуына үлкен жағдай жасайды. 4-5 жылдың ішінде Түркістан Қазақстандағы туризмі мықты дамыған облыс орталығына айналатынына толық сенемін. Естеріңізде болса, 19-ғасырларда Түркістан генерал-губернаторлығы болды. Міне, біз соны 100 жыл өткеннен кейін қайта орнына келтірдік.

Хабар 24 телеарнасы